Basty bet

«Жол-көлік оқиғасы құқық бұзушылығына жаза қатаң»

Әрине жасыратыны жоқ, ірі жол апатына соқтыратын оқиғалары жүргізушілердің қателігінен болатын белгілі.
Содан кейін бұған техникалық ақаулар, жолдың нашарлығы, ауа райының қолай­сыздығы және т.б. факторлар да әсер етеді. Бірақ бәрібір, жол апатының дені жүргізушілердің жол ережесін сақтауға жеткілікті көңіл бөлмеуінен, көлік жүргізу тәжірибесінің аздығынан және жол ережесін жетік білмеуінен туындайды. Бұл айтуға ғана оңай болғанымен, өте ауыр жағдай.
Жол-көлік апатының дені біз айтып отырған бағдаршамы жоқ жол қиылыстары секілді жүргізушінің жол жүрісі ережесін білу дәрежесі сыналатын тұстарда орын алады. Демек, бұл жерде жүргізушінің дайындығы жол-көлік апатына тікелей себеп болады деген сөз. Оның үстіне тек көлік жүргізуді білумен қатар, көлік жүргізу мәдениеті деген ұғымның бар екендігін де естен шығармаған жөн. Яғни жол жүрісі ережелерін қатаң сақтау арқылы өзге көлік иелеріне құрмет көрсетіледі. Көлік жүргізу мәдениетін таныту арқылы талай келеңсіздіктің алды алынады.
Қауіпсіздік жол жүрісі ережесін жатқа білу ғана емес, оны өзіңе, өзгеге деген құрмет арқылы қолдана алу. Өз бетінше оқып, жүргізуші куәлігін алған соң олар да өз білімдеріне, көлік жүргізу даярлығына сенімді. Біз бұл арада адамның өз бетінше ізденіп, оқып, қажетті білім аларына күмән келтіріп отырған жоқпыз. Сонда біле-білсеңіз, жол-көлік оқиғаларының дені жүргізушілік өтілі бір жылға дейінгі көлік иелері кінәсінен орын алады екен.
Өздеріңіз білетіндей, ҚР Қылмыстық, әкімшілік кодекстерінде қазіргі таңда жол-көлік ережесін бұзғандарға жаза қатаңдатылған. Әр азамат осыны ескеріп білуі қажет және көлік айдау кезінде жол ережесін сақтауы міндет.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына сай, көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы:
1. 345-бабы 4 бөлігіне сай, көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2.345-1-бабына сай, алкогольдік масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiру бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекет жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
346-бабына сай, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
347-бабына сай, жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу, 345, 346-баптарында көзделген ауыр зардаптар туындаған жағдайда, көлiк құралын басқаратын және жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған адамның жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалуыбір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
349-бабына сай, басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беру лауазымды адамның не көлік құралы меншік иесінің немесе иеленушісінің көлік құралдарын басқаруға құқығы немесе тиiстi санаттағы көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беруі, егер бұл іс-әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Жоғарыда аталған қылмыстық жауапкершілік әр азаматқа қатысты, өйткені бұл жерде әр азаматтың тағдыры шешілуде, біреуді баласы, анасы, әкесі, жақын туысы көліктің астына түссе жәбірленуші жақ соттан заңға сәйкес жазасын тағайындауды сұрайды, сол себептен әр қайсымыз заңдарда қарастырылған талаптарды сақтай отырып жол ережесін сақтауды есте сақтағанымыз жөн, ағайын!

Жазира Оралова,
аудандық сот кеңсесінің
бас маманы

Таңдаулы материалдар

Close