Basty bet

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі және «Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» КММ-ның ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың қыркүйек айында Жуалы ауданында «Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысының іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу жұмыстары» жобасының аясында түрлі кездесулер өткізілді.
Оның ішінде, «Имани иммунитетті қалыптастыру – заман талабы» атты кездесу, «Терроризмге қарсы күрес бағытында діни ахуалды жақсарту» тақырыбында жиын, «Діндегі шектен шығушылықтың қаупі» атты кездесу және тағы да басқа іс-шаралар бар.
Аталған іс-шараларға лектор ретінде дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Жамбыл облысы Байзақ аудандық орталық мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл қатысып, аудан тұрғындарымен, мешіт жамағатымен және оқу орындарының жастарымен дін саласындағы өзекті мәселелер жайында ой бөлісті.

«Жаңа-Ру» заңды
тұлғалар бірлестігі

Таңдаулы материалдар

Close