Basty bet

Жаңа жолдау – ел дамуының жарқын болашағы

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын оқып, қамтылған мәселелердің бәрімен дерлік танысып шықтым. Президент цифрландыру жұмысын дамытуға жасанды интелектінің көлемін барынша кеңейтуге аса басымдылық берген.
Жасанды интелектінің барлық салада қарқынды көрінуі жарқын істерге бастама болып тұрғандығын атап айтты.
Әлемде геосаяси ахуал шиеленісіп тұрған қазіргі кезеңде ел экономикасындағы тұрақтылықты сақтап қалу ең күрделі мәселе екендігін, қоғамды жаңғырту үшін әлі де көп шаруа атқару керектігін атап көрсетті.
Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажеттілігін, агроөнеркәсібіне тың серпін беру үшін реформа жүргізіліп жатқандығын да тілге тиек етті.
Президент «Жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыра түсуіміз керек» дей отырып, қарапайым еңбек адамдарын құрметтеу биылдан кейін де жалғасын табатындығын жеткізді.
Тәртіп бар жерде өнеге де, өршілдікте бар. Қазіргі қоғамда келеңсіз оқиғалар мен тәртіп бұзушылықтың өшріп тұрғанын да айтып өтті. Әл-Фараби бабамыз өсиеттеп кеткендей білім тәрбиемен бірге берілуі керек.
Президент Жолдауында халық көкейінде жүрген мәселелер толық қамтылған. Бұл Жолдау ел дамуына жаңаша бағыт – бағдар береді деп ойлаймын.
Атқарылуға тиіс ауқымды міндетттер орындалса, жаһандану дәуіріндегі Қазақстанның даңғыл жолын айқындай түсетініне сенемін.

Мақсатбек Байболов,
Боралдай ауылдық
округі ардагер
ұйымының төрағасы

Таңдаулы материалдар

Close