Basty bet
ТАБИҒИ ГАЗДЫ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Тұрмыстық газ тұтынушылары және коммуналды-тұрмыстық газ тұтынушылары Қазақстан Республикасының өнеркәсіп қаупсіздігі Заңына сәйкес газ қондырғыларының техникалық және оның қауіпсіз пайдалану мақсатында, газ тасымалдаушы немесе аттестациядан өткен тәуелсіз мамандандырылған мекемелерімен шартқа отыруға міндетті.
Ескертеміз!
Үйді жылыту үшін, жылыту газ құралдарын пайдаланғанда, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек. Газ құралдарын қосар алдында желдеткіш каналының және түтін қубырларының тартуының дұрыстығын тексеріңіздер. Мұржаның ауа тарту күші дұрыс болу үшін, жылыту құралдарын колдану кезінде шибер коюға және мұржа басына бөгде заттарды қоюға болмайды, қатаң түрде тиым салынады Ал ауа тарту күші дұрыс болмаған жағдайда және өттегінің жеттіспеушілігі жерінен көмірқышқыл (Со) газының пайда болуы, газдың толық жануына себепші болатыны белгілі. Көмірқышқыл газы түссіз, иіссіз улы зат, ауадан жеңіл болғандықтан, жәй көтеріледі және адам өзінің уланып жатқаның байқамауы мүмкін . Тартуы нашар немесе мүлдем тартуы жоқ жылыту газ құралдарын пайдалануға тиым салынады. Бөлме ішінде газдың иісі пайда болса, тез арада газ құралдарының шүмектерін жауып, терезелерді және желдеткіштерді қосып, бөлмені желдетіп, «104» телефонына қоңырау шалып апаттық газ қызметін шақырыңыз.
Жылыту газ құралдарын қауіпсіз пайдалану мақсатында оларға дер кезінде техникалық қызмет жүргізілмеген болса, сондай ақ түтін және желдеткіш каналдарының күйі тексерілмеген болса жарылыс, өрт, көмір қышқыл газымен улану секілді орны толмас қайғылы оқиғаға алып келуі мүмкін.
Тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамассыз ету жүйелерін техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес пәтердің, тұрғын жайлардың арендаға және жалға алушы жекеменшік иелері мыналарды қамтамассыз етуі тиіс:
– түтін және желдеткіш каналдарымен қоса жалғайтын келтеқұбырлар (патрубкаларды), мұржаның ернеуінің күйін уақытылы тексеруді.
– желдеткіш және түтін каналдары жылыту маусымының алдында маусымдық жұмыс істейтін газ құралдары мен аппаратарының мұржалары жылыту маусымының алдында кезеңді тексеруден өтуі тиіс
– кірпіш, асбест цемент, ыстыққа шыдамды бетоннан жасалған арнайы блоктардың мұржалары 12 айда бір реттен кем емес жиіліктегі кезеңді тексеруден өтуі тиіс.
Табиғи газды тұтынушылар жылыту маусымының алдында түтін және желдету каналдарының барлық түрлерін тазалап, тексерулері және газ құралдарына техникалық қызмет жасатулары тиіс.
Қатты отынға арналған жылыту қазандықтарын және олардың үш құдықты мұржаларын пайдалану қатаң түрде тыйым салынады.
Уландырғыш газ баяу әсер етеді, адам уланғанын сезген кезде, көбінде қимылдау, сөйлеу мүмкіндіктерінен айырылады. Жеңіл улану ол азаматтардың іс-әрекеті емес – сенбестей сәттілігі. Сонымен қатар жылыту маусымында азаматтар жеңіл әлсізденуге, ұйқышылдыққа, сылбырдылыққа аса назар аудармайды. Соның барлығы уландырғыш газбен уланудың белгісі – бірақ жеңіл түрде, үйіңізде үлкен қауіп-қатер бар екендігінің белгісі. Өкінішке орай біздің азаматтар осындай белгілерді елемей ауыр улануды тосып отырады. Ертелі кеш олда болады.
Қайран тұрғындармен қауіпсіздік ережелерін қадірлемеу қорытындысынан, жыл сайын ондаған жазатайым оқиғалар және жөнсіз өлімдер болады.