Basty bet

«Жаңа өмірге» жазылуға шақырамыз!

Бүгінгі таңда жан-жақтан ағылып жатқан ақпарат көп, оған қоса ғаламтор бар. Дей тұрғанмен газет-журналдың қай қоғамда болмасын халықтың мәдениетін, рухын көтеруде, дүниетанымын кеңейтуде рөлі мен орны қашанда жоғары.
Жастарымыздың, мектеп оқушы балалардың газет-журналдар, кітап оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру – ол өз ұлтының мәдениетін, тарихын білуге ұмтылдыру, ақпараттық мәдениетін өрістету. Халықтың оқу мәдениетін дамытуда мерзімді баспасөздің атқаратын рөлі ерекше. Сондықтан Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынов: «Газет – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр сияқты» деген мағыналы сөзі бекерден-бекер емес.
Елімізде газет-журналдарға жазылу науқаны басталды. Көзі қарақты оқырман өзіне қажетті газет-журналдарына жазылуға асығады. Еліміздегі басылымдардың ішінде аудан тұрғындары үшін аудандық «Жаңа өмір» газетінің орны ерекше. «Жаңа өмір» – аудан тарихында ерекше орны бар, қай кезде де ауданымыздың басты саяси үні ретінде қоғамдық пікір қалыптасыруға ерекше еңбек еткен басылым.
Жаңалықтың жаршысы болған, мемлекеттің үніне, халықтың құлағы мен көзіне айналған басылымының беделі жыл сайын артып келеді. Газет ұжымы биыл аудан басшыларының қолдауымен 85 жылдығын ерекше, кең көлемде атап өтті. 85 жылдық мерейтойымызға орай аудан әкімі Нарбай Ергебековтың бастамасымен ұжымға «Chevrolet NIVA» көлігі берілді. Газеттің материалдық-техникалық базасының нығаюына аудандық мәслихат, аудан әкімдігінің ішкі саясат, қаржы бөлімдері де өз үлестерін қосуда.
Еліміздің экономикалық-әлеуметтік және мәдени дамуы жолында, халқымыздың рухани байлығын арттыруда журналистер қауымының еңбектері орасан.
Газеттің қадірін қашыратын да, құндылығын арттыратын да – оның тұтынушысы, яғни оқырманы. Аудандық басылымның ауыл-ауылда үнемі хабарласып, хат жазысып, халықтың мұң-мұқтажын, қуанышын жеткізіп отыртын көзі қарақты оқырмандары көп.
Газет үстіміздегі жылдың жартыжылдығында 3000-ға жуық данамен шықты. Жазылым науқанында жанашырлық танытқан аудан басшылары мен жекелеген азаматтар көп болды. Барлықтарына алғысымызды айта отырып, аудан тұрғындарын алдағы жылға жазылуға шақырамыз!
«Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор» деген Міржақып атамыздың сөзі өміршеңдігін жойған жоқ. Мемлекеттік тілде шығатын басылымдар – ұлттық қауіпсіздігіміздің иммунитеті. «Газет – халықтың мінбері». Сондықтан осы мінберді пайдаланып, иммунитетіміздің мықты болуына атсалысуға шақырамыз.

Перизат нүрпейісова,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close