Basty bet
Автокөліктер мен шөпханалардағы өрт қауіпсіздігі
Соңғы уақытта Жуалы ауданының аумағында автокөліктер мен шөпханалардағы өрт шығу жағдайлары жиілеп кетті. Жуалы ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері күн сайын осындай жағдайларға шығады. Автокөліктердегі өрттер көбінесе техникалық ақаулардың немесе жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде болады. Бірақ шөпханалардың өртенуінің себебі көбінесе қоқыс қалдықтарын жағудан немесе тұрғындардың абайсыздығынан болады.
Мысалы, шөпханалар көбінесе арналмаған жерде орналасқан. Сондықтан, шөптің жануы үшін өтіп бара жатқан көліктен лақтырылған бір темекі тұқылы жеткілікті. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін бірінші кезекте электр беру желілерінен, автотрассалардан және мүмкіндігінше қоршалған жерде шөпхана сарайларын ұйымдастыру қажет.
Шаруа және фермер қожалықтарында өрт сөндіруге бейімделген техника дайын болуға, ал егін және ірі жем-шөп жинаумен айналысатын көлік ұшқын сөндіргіштермен және өрт сөндіргіштермен қамтамасыз етілуге тиіс.
Ата-аналарға кеңес: балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, олармен өртке қарсы тақырыпта әңгімелесулер жүргізіңіздер. Өзіңізді және жақындарыңызды ауыр зардаптардан қорғаңыздар.
Осыған байланысты, Жуалы ауданы ТЖ бөлімі балалар мен қарттарды үйде қараусыз қалдырмау, төтенше жағдайларға жол бермеу және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, бақшадағы қоқысты жағу кезінде жақын орналасқан тұрғын үйлер мен жапсарлас құрылыстарға таралмауын қатаң бақылау қажет екенін еске саламыз. Өрт немесе төтенше жағдай туындаған кезде шұғыл түрде 101 немесе 112 телефондарына қоңырау шалу қажет.
Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі