Basty bet
Кандидаттарға сайлау науқанының маңыздылығы түсіндірілді
2023 жылдың 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөнінде аудандық аумақтық сайлау коммиссиясында аудандық аумақтық комиссиясы мен облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі №10 округтік сайлау комиссиясының бірлескен отырысы өтті.
Отырысқа аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Нұрзия Алтыбаева, облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі №10 округтік сайлау комиссиясының төрағасы Рабат Сәрсенов, №10 сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаттығына тіркелген кандидаттар және №1,8,11,13 сайлау округтері бойынша аудандық мәслихат депутаттығына тіркелген кандидаттар қатысты.
Жиын барысында депуттаттыққа тіркелген азаматтарға сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының сайлау алдындағы үгітке қатысты баптарына – заңдылығы, заңсыз тұстары жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, сайлауды мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыру туралы, облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың сайлау қорлары жөнінде мол мағлұмат беріліп, жан-жақты түсіндірілді.
Комиссия отырысында депутаттыққа тіркелген кандидаттар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.
«Жаңа өмір» – ақпарат