Basty bet

Баланың тәрбиесі мен қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс!

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрайымы Анар Ахметованың жүргізуімен аталған комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиында үш мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдауға арналған «Мейірім» жобасының іске асырылу жағдайы туралы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің бас маманы Нұрлан Тәтенов баяндама жасады.

Баяндамашының айтуынша, 2023-2024 оқу жылында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөліміне қарасты, білім беру мекемелерінде «Мейірім» жобасы бойынша, 0-18 жас аралығында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 44 бала бар, оның ішінде 23 бала ата-ана қамқорлығынсыз қалған, 21 бала тұл жетім.
Нұрлан Татенов балалардың қай мектепте оқитынына жеке-жеке тоқталып өтіп, “Мейірім” жобасы бойынша атқарылған жұмыстардың барысын баяндады.
-Бұл орайда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік тұрғыда қолдау мақсатында Жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мұқтаждар санынан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке барлығы 42 бала қойылса, жеке меншік нысанында мұрагерлікпен 2 баланың тұрғын үйі бар.
Жоба аясында 41 балаға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да есеп шоттар ашылған.
43-аудан активтері 41 балаға бекітілген, бүгінгі күнге дейін балалардың есеп шоттарына 43 демеушіден (бөлім басшылары, мекеме басшылары) тамыз айының есебі бойынша барлығы 3 101 670 теңге аударылған,- дей келіп, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету әрі қарай да жалғаса беретінін жеткізді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, яғни полиция бөлімінде есепке алынған «Қиын» топтағы және «Жайсыз» отбасының санатындағы азаматтармен және Жуалы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналдық полиция тобының 2023 жылдың 8 айында атқарған жұмыстары туралы Жуалы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналдық полиция тобының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Нұрлан Базарбеков комиссия мүшелері алдында есеп берді.
-Ағымдағы жылдың 8 айдың қорытындысымен кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 7 дерекке өскен.
Ювеналды полиция тобы қызметкерлерімен 8 айдың нәтижесімен жалпы 276 хаттама толтырылған,оның ішінде, түңгі рейдтер жүргізу барысында түңгі сағат 23.00-ден кейін жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз үй-жайдан тыс жерде жүргені үшін 213 (2022ж-211) жасөспірім ұсталып, олардың заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК 442-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттамасы толтырылып заңды өкілдеріне ескертулер жасалды,оның ішінде яғни әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 3-бөлігі бойынша 5 (2022ж-3) жасөспірім анықталып, заңды өкіліне ҚР ӘҚБтК 442-бабы 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып 7 (АЕК) көлемінде айыппұл салынды және полиция бөліміне есепке алынды,- деді полиция қызметкері.
Сонымен бірге кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру жөніндегі өз міндеттерін орындамағаны үшін 6 ата-анаға қатысты хаттама толтырылып, 7 (АЕК) айыппұл салынған.
3 кәмелетке толмаған жастардың ата-анасына қоғамдық орындарда коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген жерге тастағаны үшін және 2 кәмелетке толмаған жастардың ата-анасына қоғамдық орындарда қоғамды құрметтемей былапыт сөздер айтқаны үшін үшін 8625 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ адамға көлік құралын басқаруға рұқсат бергені үшін 8 кәмелетке толмағандар анықталып, олардың ата-анаға 86 250 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Аудандық полиция бөлімінің тізімдік есебіне 5 жасөспірім алынған. Ата-аналардың балалар тәрбиесі жөніндегі өз міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін 14 отбасы профилактикалық есепке алынған.
Баяндамашы сондай-ақ, жасөспірімдермен, ата-аналармен өткізілген түрлі профилактикалық іс-шараларға тоқталды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтың терроризм және діни экстремизмнің алдын алу бойынша атқарылған профилактикалық жұмыстары туралы аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ерназар Жүзбаев пен №16 Жуалы колледжінің директоры Медет Иманбаев баяндама жасады.
Баяндамашылар комиссия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Анар Садыққызы білім бөлімінің өкілдеріне барлық мектеп директорлары сабаққа себепсіз келмей жүрген балаларды жасырмай, бұл туралы дер кезінде тиісті орындарға хабар беру қажеттігін және мектеп асханаларындағы бала денсаулығына қауіп тудыруы мүмкін өнімдерді сатуға тыйым салу, барлық мектепте ішкі, сыртқы кезекшілікті, тәртіпті күшейту қажеттігін ескертті.
Сонымен бірге колледж директорына студенттерге сабақ беру барысында әрбір сабақта тәрбие мәселесіне, баланың ішкі жан дүниесіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін де баса айтты.
Сондай-ақ, Анар Садыққызы күн тәртібіндегі мәселелерден туындағын маңызды тапсырмалар хаттамаға түсіріліп, қатаң бақылауда болатынын да атап өтті.

Таңдаулы материалдар

Close