Basty bet

Сала мамандары марапатталды

Әрбір мамандықтың өзіндік ерекшелігі мен халыққа қажеттілігі бар. Солардың бірі – пошташы мамандығының иелері. Осы орайда 9 қазан – Дүниежүзілік пошта күні ретінде атап өтіліп келеді.
Бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде атап өтілетін маңызды күндердің бірі. 1874 жылы өткен Бүкіләлемдік пошта одағының он төртінші конгрессінде қабылданған.
Қазақ жерінде де өткен ғасырлардан бері өзіндік дәстүрлік тарихы бар. Ресми түрде пошта бөлімдері ашылмаған замандарда да қазақ даласының ол шетімен бұл шетіне хабар жеткізетін арнайы қызметкерлер болған. Қазақстанда ресми түрде пошталық байланыс бөлімшесі алғаш рет 1860 жылы Верный (Алматы) қаласында ашылып, ғасырлар өтсе де өз өміршеңдігін жалғастырып келеді.
Ұзақ жылдан бері уақыт заманына қарай халыққа қызмет етіп келе жатқан «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшесі біздің ауданда да тұрақты жұмыс істейді. Қазіргі заманға сай сағына хат жазып, сарғая жауап күтпесек те біраз қажеттіліктер пошта жүйесі арқылы атқарылады.
Пошта күніне орай, аудан әкімі Жалғас Мұртаза сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтықтады. Аудан басшысы пошта қызметкерлерінің қоғамдағы маңызын атап өтіп, тұрғындарға үздіксіз байланыс пен сапалы қызмет көрсетудегі еңбектеріне ризашылық білдірді.
Кәсіби мерекеде бірқатар сала мамандары аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғысхаттарына ие болды.
Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен аудандық пошта байланыс торабының хат тасымалдаушысы Надежда Бурина марапатталса, Алғысхатпен Қарасаз ауылдық пошта байланыс торабының меңгерушісі Қарлығаш Нартаева, аудандық пошта байланыс торабының инкассаторы Әлімхан Өмірсейітов, аудандық пошта байланыс торабы басшысының орынбасары Алуа Мамаева және аудандық пошта байланыс торабының операторы Әсел Тәукебаева марапатталды.
“Жаңа өмір”-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close