Basty bet
Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі
От жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға сонымен қатар кішкентай балаларды жалғыз қалдыруға;
Отынды, басқа жанғыш заттар мен материалдарды оттық алдындағы қаңылтырға қоюға;
Пешті шамадан тыс қыздыруға жол берілмейді;
Уақытша метал пештерді орнатқанда келесі өрт қауіпсіздігі талаптары толық орындалғанына көз жеткізіңіз. Метал пештердің аяқтарының ұзындығы 0,2 метрден аз болмауы керек.
Пештің астындағы жанғыш едендер саз балшықпен жапсырылған кірпіш қатарымен немесе үстіне болат қаңылтырмен жабылған қалыңдығы 12 см – асбест қатты қағазымен оқшаулануы керек.
Метал пештері ағаш құрылымдар мен жиһаздан 1 метр – жанудан қорғалған құрылымдардан 0,7 метр қашықтықта орнату керек.
Айтылған ережелермен жеңіл және оңай іске асырылады. Осыларды бұлжытпай орындау сіздің үйіңізді өрттен, жанұяңыз бен туысқандарыңыздың және жақын адамдарыңыздың өмірімен денсаулығын сақтайды.
Өрт шыққанда немесе төтенше жағдай болғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101» және «112» телефонына хабарласып, болып жатқан жағдайды, мекен-жайын асықпай толық айтуы тиіс.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі