Basty bet
Мақсат – халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету
Денсаулық – зор байлық. Денсаулығыңның жақсы болуы бірінші адамның өзіне байланысты. Яғни, дұрыс тамақтануына, спортпен шұғылдануына, гигиеналық тазалықты сақтауына, зиянды әдеттерден аулақ болуына тікелей байланысты.
“Ауру – астан” дейді дана халқымыз. Сондықтан тамақтың таза, дұрыс дайындалуы да үлкен маңызға ие. Үйде ас үйде әйел-аналарымыз тазалыққа, тамақтың таза пісуіне, азық-түліктің мерзіміне ерекше мән беруі қажет болса, қоғамдық тамақтану орындарында, азық-түлік сататын дүкендерде де жеке кәсіпкер бұл мәселелерге үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сонымен бірге қоғамдық орындар мен әлеуметтік нысандардың санитарлық талаптарға сай болуы маңызды.
Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы аудан аумағында қоғамның денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық сауаттылығы, халыққа өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен білгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Мекемеде бүгінгі таңда 10 адам жұмыс істейді. Олар: басқарма басшысы, бөлім басшылары және бас мамандар мен жетекші мамандар.
Басқармада үш бөлім бар. Олар: эпидемиологиялық қадағалау бөлімі, қызметтерді жоспарлау және талдау бөлімі, санитарлық бақылау-қадағалау және техникалық регламенттерді қалыптастыру бөлімі.
Басқарма басшысы Марат Искаковтың айтуынша, бөлімдегі жауапты он қызметкер де мемлекеттік қызметші болып есептеледі.
-Алдымен басқармадағы эпидемиологиялық бақылау бөлімінің он айда атқарған жұмысына тоқталып өтейін. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.05.2021 жылғы №47 “Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, covid-19 коронaвирустық инфекциясы, желшешек және скарлатина кезінде санитариялық эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиялық талаптар” санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығына және ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 19.09.2022 жылғы “2022-2023 жылғы эпидмаусымда тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы” №30 қаулысына сәйкес жіті вирусты жұқпалы ауру, тұмау эпидемиясына қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету талаптарын орындау мақсатында толыққанды жұмыстар атқарылуда. Ауданда 3 қазаннан бастап тұмауға қарсы иммундау жүргізілді.
Медициналық ұйымдар мен білім беру ұйымдарының жұмыскерлерімен профилактикалық егулерді жүргізу мәселелері бойынша 136 медбикелер оқытылды. Сонымен бірге тұмау мен ЖРВИ-ді емдеу және олардың профилактикасы мәселелері бойынша семинар өтті.
Сондай-ақ, түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатындағы жұмыстар ҚР Үкіметінің 2020 жылдың 24 қыркүйектен “Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, олардың жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы” №612 Қаулысына сәйкес жүргізіледі.
2022 жылдың 9 ай мерзімінде аудан бойынша тиісті топтағы тұлғалардың екпемен қамту деңгейі қажетті деңгейде 1 жасқа дейінгі балалар арасында күл, көкжөтел, сіреспе, ауруларына, полиомиелитке, вирусты гепатиттің В түріне және гемофильдік індетке қарсы екпемен қамту көрсеткіші 98,3 пайызды құрап отыр.
Ағымдағы жылдың 9 айында 349 бала туылды. оның ішінде 342 бала туберкулезге қарсы (БЦЖ) егілген, ол 98,0 пайызды құрауда. Жеті бала уақытша медициналық қарсы көрсетілім көрсетіп отыр.
2 жасқа дейінгі балалар арасында пневмокок індетіне қарсы екпемен қамту облыстық көрсеткіш 8206 пайыз.
Қызылша, қызамық, эпидпаротитке қарсы екпемен қамту көрсеткіші 79,6 пайыз, күл, көкжөтел, сіреспе ауруларына және гемофильдік індетке қарсы қайта егу көрсеткіші 76,9 пайыз.
6-7 жастағы балалар арасында қызылша, қызамық, эпидпаротитке қарсы, сонымен бірге 6 жастағы балаларға салынатын күл, сіреспе ауруларына қарсы қайта егу аудан көлемінде 40,7 пайызды құрады. 16 жастағы жасөспірімдер арасында АДС-М екпесімен қамту көрсеткіші 5208 пайыз.
Ересектер арасында АДС-М ревакцинасымен қамтылуға 43 450 тұлға жоспарланған, тиісті топтың 94,1 пайызы қаамтылды.
ВГА қарсы бірінші екпемен 1 264 бала, екінші екпемен 682 бала қамтылған.
Ағымдағы жылдың 9 ай мерзімінде коронавирусты инфекцияға қарсы 1 екпемен 8 175,2 екпемен 4 795, ревакцинациямен 22 303, қайталама ревакцинациямен 5 233 тұлға қамтылды.
Санитарлық ағарту жұмыстарға келетін болсақ, түрлі инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында аудандық газетке мақалалар жариялап отырамыз және халық арасында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.
Ауданымызда өткен жылдың он айында 10 адам туберкулез ауруымен тіркелсе, биылғы жылы 11 адам тіркеліп отыр. Туберкулез ауруының алдын алу мақсатындағы медициналық тиісті жұмыстардың барлығы жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.
Жұқпалы тері және құрт ауруларының эпидемиологиялық жағдайына келетін болсам, 2021 жылы тері және құрт ауруларының 10 ай ішінде анықталғаны 34 жағдай, 14 жасқа дейінгілер 21. 2022 жылы 27 жағдай, 14 жасқа дейінгілер 18. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 7 жағдайға төмендеген.
Эхинококкоз бен энтеробиоз паразиттік аурулары 2021 жылы мүлдем тіркелмесе, биыл 1 жағдай тіркеліп отыр.
Жалпы аудан бойынша паразиттік аурулардың эпидемиологиялық жағдайы қалыпты болып есептеледі. Дегенмен Б.Момышұлы ауылы, Шақпақ, Ақтөбе ауылдық округтерінде аурушаңдылық көреткіші салыстырмалы түрде жоғары болып отыр.
Коронавирустық инфекциясының эпидемиологиялық жағдайына келсек, үстіміздегі жылдың он айында індетті жұқтырғандардың саны – 361.
Басқарма тарапынан үстіміздегі жылы бүгінгі күнге дейін әкімшілік іс бойынша жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге барлығы 50 айыппұл салынды. Жалпы сомасы 2649495 теңге. Оның 49-ы өндіріліп, бір айыппұл өндіру үшін 91 890 теңге сот орындаушылар палатасына жолданды.
Техникалық регламентті қадағалау бөлімі бойынша тоғыз айда жоспар аясында жеті сауда дүкеніне және бір киім-кешек дүкеніне мемлекеттік сатып алу бойынша сатылым жасалып, зертханаға 117 сынама алынған. Оның 44-і таңбалау бойынша техникалық регламенттердің талаптарына сай емес. Яғни 19 тағам өнімдері, бес парфюмерия өнімдері, 8 ойыншықтар, 8 балаларға арналған тауарлар, 1 халық тұтыну тауары, 3 жеңіл өнеркәсіп өнімдері. Кемшіліктерді жоюға жеті кәсіпкерге ұсыныс хат берілді. Кәсіпкерлер кемшіліктерді жойғандығы туралы жауап берді.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша бақылауда 39 жалпы білім беру мектептері, 32 мектепке дейінгі мекемелер, бір кәсіптік колледж асханасы, екі жазғы сауықтыру лагері, 39 жеке кәсіпкерлер жалға алған мектептерге қарасты асхана бар. Үстіміздегі жылдың 9 айында ерекше тәртіп бойынша 11 нысанды тексеру жоспарланған. №31 Ақтасты бастауыш мектебі жаңа ғимаратқа ауысуына байланысты тексерілген жоқ. Тексеру қорытындысы бойынша 10 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 459 450 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жеке және заңды тұлғалардан “Е-лизенциялау” базасынан екі өтініш түсіп, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды берілді.
Ерекше тәртіп бойынша тексеру барысында санитариялық-эпидемиологиялық сараптау орталығының зерттеу зертханаларына микробиологиялық зерттеуге 10 су сынамасы алынып, нәтижесі талапқа сай болып шықты.
2022 жылдың тоғыз айында санитариялық ұйғарымның орындалуы бойынша 3 мектепке жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, орын алған кемшіліктер бойынша жұмыстар толығымен орындалды.
Басқарма тарапынан бұдан да басқа көптеген жұмыстар атқарылды.
Қарапайым тілмен айтқанда, ауданда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Алайда биылғы жылы тері аурулары жылдағымен салыстырғанда жиі орын алды. Бруцеллез ауруы 9 жағдай тіркелді. Сібір жарасы орын алды. Бұл аурулар мал мен адамға ортақ аурулар. Сондықтан әрбір адам өзінің денсаулығы, отбасының амандығы үшін сақ болуы керек.
Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Президент Жарлығымен кәсіпкерлік нысандарын тексеруге мораторий жарияланған. Біздің аудандағы кәсіпкерлік нысандардың 99,9 пайызы шағын және орта кәсіпкерлікке жатады. Сондықтан тамақтан улану жағдайлары орын алып, арыз-шағым түспесе тексерілмейді. Біздің ауданда ондай жағдай орын алған жоқ.
Бір ғана орта бизнеске жататын нысан “Бурный сыр зауыты” тексеріліп, айыппұл салынды.
Мораторий жариялаудың тағы бір себебі, жауапкершілікті кәсіпкердің өзіне жүктеу. Яғни, әркім бәсекеге қабілетті, сұранысқа сай жұмыс істеу үшін сапалы, таза, талапқа сай қызмет көрсетуге тырысады. Бұрындары дүкендерді аралап, ішіне жөндеу жұмыстарын жаса деп жүретін болсақ, қазір олай емес. Әркім өзі үшін жасайды. Себебі, іші талапқа сай, әрі заманауи болмаса, ол жерге ешкім де бармайды. Себебі, қазір адамдардың көзқарасы, талғамы толығымен өзгерген.
Дамыған мемлекеттерде жауапкершілік кәсіпкердің өзіне жүктелген. Сондықтан бізде де осылай болғаны дұрыс,- дейді Марат Искаков.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Жолдауында халықтың денсаулығын іс жүзінде жақсартуға ерекше көңіл бөлінген. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының атқарып отырған жұмысы да аурудың алдын алу бағытындағы жұмыстар. Жалпы мекеме қызметкерлері тарапынан халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша тиісті жұмыстар атқаралады. Алайда әр адам өзінің денсаулығына мен қоғамның денсаулығына үшін үлкен жауапкершілікпен қараса, күрделі мәселелер орын алмайды. Саулықтың сақтықта екенін естен шығармайық!
Перизат ШЫМЫРТАЙҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»