El іshі

Ауыл кітапханасы І орынды иеленді

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы мен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және кітапханашылар арасында тәжірибе алмасу мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен наурыз-маусым айларында «Жергілікті ауылдық кітапханалар – жергілікті қоғамдастық орталығы» атты ауылдық кітапханалар күндері өткен болатын. Аталған шара барысында ауданымыздан Ақтөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен және ауылдың белсенді жастарының қатысуымен «Болашаққа үміт, жастарға сенім» атты ашық микрафон алаңы өтті.
Жақында шара қорытындыланып, марапаттау рәсімі өтті. Нәтижесінде жоғары шығармашылық қабілет пен кәсіби шеберлік көрсеткені үшін Ақтөбе ауылдық кітапханасы І орынды иеленіп, кітапханашы Әсем Әбделиеваға ноутбук сыйға тартылды.

Айжан Жұманова,
аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері

Таңдаулы материалдар

Close