Basty bet
УЛЫ ГАЗДАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!
Улы газ – иісі жоқ уландырғыш газ, оны көру немесе иісі арқылы тану мүмкін емес және одан адам бірнеше минут ішінде-ақ өліп кетуі мүмкін.
Улы газ кез келген отынды, мысалы, газ, мұнай, керосин, ағаш отын немесе көмірді жаққанда шығады. Әдетте, от жағатын құрал (мысалы пеш) дұрыс жұмыс істеп және пайдаланылып тұрса, қауіпті емес.
Улы газдан улануды болдырмау үшін:
– Тіпті, есіктері ашық болса да, қозғалтқышы қосулы машинаны гаражда қалдырмаңыз;
– Генераторды ешқашан үйде, гаражда, жертөледе (подвал) қоспаңыз. Ашық тұрған терезе, есік немесе желдеткіш үйдегі улы газды ШЫҒАРА АЛМАЙДЫ.
– Генераторды далада қосқан күнде де оның ашық терезе мен есіктің қасында тұрмағанына көз жеткізіңіз;
– Ағаш көмірді үйде, палаткада, машинада немесе гаражда ешқашан жақпаңыз;
– Білмей, дағдыланбай және құралсыз от жаққыш құралдарды орнатпаңыз және қолданбаңыз;
– Газ плитасын, пісіру шкафын немесе кептіру құралын бөлмені жылыту мақсатында қолданбаңыз;
– Пісіру шкафының түбіне фольганы қоймаңыз, себебі ол газдың қалыпты жануына кедергі келтіреді;
– Желдетілмейтін газ құрылғысын жабық бөлмеде немесе жатын бөлмеде пайдаланбаңыз.