Basty bet
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді тапсыру туралы хабарлама
Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызға дейін өткен 2023 жыл бойынша үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді «ҮЕҰ Дерекқорына» ұсынудың кезекті мерзімі басталғанын еске салады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ҮЕҰ Дерекқорында тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
Мәліметтер Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру Қағидаларына сәйкес ұсынылады.
ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді электрондық түрде infonpo.gov.kz веб-портал арқылы ұсыну үшін ХҚКО-ның жақын жердегі бөлімшесінде электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет.
ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы және анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы үшін «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Байланыс нөмірі: 2-13-32