Basty bet

Республикаға жолдама алды

Жақында Тараз қаласында жасөспірімдер арасында «Жамбыл облысы чемпионаты» өтті. Оған қатысқан №15 МГ-ның оқушысы Әсем Сырым – І орын, №16 Жуалы колледжінен, №12 М.Әуезов атындағы ОМ-нен Нұрсұлтан Орынбек пен Сейіткерім Архат ІІІ орынды иеленді. Жаттықтырушылары Руслан Тоқбаев, Аян Айтпеков және Бақытжан Сәрсенбекұлы.

***
Таэквондодан (WT) жасөспірімдер және жастар арасындағы «Жамбыл облысы чемпионаты өтті. Жастар арасында республикалық интернат спорт колледжінің оқушысы Акерке Исақ І орынды, №19 Д.Қонев атындағы МГ-ның оқушылары – Алпамыс Ғаниев пен Кибрияхан Исмайлова ІІ орынды, №1 Шерхан Мұртаза атындағы МГ-ның оқушысы Әліби Жұмағали ІІІ орынды, №13 А.Байтұрсынов атындағы ОМ-ның оқушысы Медина Көктал ІІІ орынды иеленді. Ал жасөспірімдер арасында №19 Д.Қонев атындағы МГ-ның оқушысы Шаббона Исмайлова І орынды, кіші жасөспірімдер арасынан №1 Шерхан Мұртаза атындағы МГ-нің оқушысы Інжу Талғат ІІ орынды қанжығасына байлады. Жаттықтырушылары – Имантай Абеев, Мақсат Абдрамбек және Есенгелді Сауранбек.

***
Аса ауылында жасөспірімдер арасында қазақ күресінен Жамбыл облысының чемпионаты өтті.
Жарысқа қатысқан №15 МГ-ның оқушысы Нұржас Қыдырбай І орынды, №12 М.Әуезов атындағы ОМ, №8 Бәйтіков атындағы ОМ, Д.Пахомов атындағы ОМ, №1 Шерхан Мұртаза атындағы МГ-дан Архат Сейіткерім, Нұртілес Байгөл, Ерсұлтан Жақсыбек, Ертай Қолғанат, Нұрғали Дархан ІІІ орынды иеленді.
Жеңімпаз атанған спортшылар республикаға жолдама алды.

Лаура Мұсабекова,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close