Basty bet

Ерікті оқушылар қарияларға көмек қолын созуда

Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін оятуға баулу және белсенді, ұйымшыл болу, жаңа бастамаларды орындауға, қоғамда түрлі шараларға белсенді қатысуға шақыру мақсатында Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп- лицейінде «Бөкейхан ұландары» еріктілер клубы құрылды. Еріктілер клубына 9-10 сынып оқушыларынан 20 бала мүше ретінде тіркелді.
Аптаның басында аталған еріктілер клубының жұмыс жоспарына сәйкес, клуб мүшелері қарияларға көмек қолын созды. Балалар бірнеше ардагердің ауласын қардан тазалап, қариялардың алғыстарын алды. Ауладағы қар тазалау жұмыстарын жасап, көмек қолын созған балаларға қариялар да дән риза болды. Олар оқушыларға ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді.
Осындай игі іс-шаралар алдағы уақытта клубтың оқушыларымен бірге жүргізілетін болады. Мұндай игі іс-шаралар оқушылар бойында үлкенді құрметтеуге, қарттарды сыйлауға тәрбиелейді. Сондай-ақ, оқушылардың бойында адал еңбек, әділдік және шыншылдық секілді қасиеттерді қалыптастыруға септігін тигізері сөзсіз.

Манзура Ибраймова,
Әлихан Бөкейхан атындағы
№15 тірек мектеп-лицейдің
ұйымдастырушы педагогы

Таңдаулы материалдар

Close