Basty bet
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға қажетті құжаттар
Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа кірісі кедейлік шегінен аспайтын отбасыларға тағайындалып, төленеді.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам (отбасы) атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпаратты алу үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына, ал тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді, сондай-ақ ұялы байланыс желілеріндегі абоненттік нөмірге хабарлама жіберу арқылы немесе онлайн өтініш беру үшін egov.kz порталына өтініш берушінің жеке кабинеті арқылы ЭЦҚ кілтімен электронды өтініш білдіреді.
Өтінішті қабылдау кезінде Орталық немесе әкім өтініш берушінің “электрондық үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды дербес келесі мәліметтерді алу үшін қалыптастырады:
1. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін).
2. Қандас мәртебесі туралы.
3. Босқын мәртебесі туралы.
4. Шетелдік мәртебесі туралы.
5. Азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы.
6. Отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы.
7. Жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы.
8. Мүгедектікті белгілеу туралы.
9. Баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы.
10. Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы.
11. Бала асырап алу туралы.
12. Некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды (некені бұзуды) тіркеу туралы.
13. Егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса – оқу орнында оқу фактісі туралы.
14. Табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар).
15. Дара кәсіпкердің мәртебесі туралы.
16. Өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы.
17. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы.
18. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса).
19. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы.
20. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) ол бойынша берешектің болуы туралы.
21. Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы.
22. Меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы.
23. Меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы.
24. Меншігінде автокөлік құралының болуы туралы мәліметтер алу үшін “электрондық үкімет” шлюзі арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды қалыптастырады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде әкім немесе Орталық тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды рәсімдейді.
Өтініш беруші жоғарыда көрсетілген құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынады.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ақпараттық жүйелерден алынған, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан жазбаша түрде алынған мәліметтердің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді.
Учаскелік комиссияның материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартса, адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижесінде дайындалған қажеттіліктің жоқтығы туралы учаскелік комиссияның қорытындысы берілсе, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан бас тартқан еңбекке қабілетті отбасы мүшесі болса және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар беруіне байланысты алты айға атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылады.
Атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Әлия Абдезимова,
Жуалы ауданы бойынша
мансаптық орталық филиалының
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету
бөлімінің басшысы