Basty bet

Жас боксшылар ел біріншілігінде ерледі

Жақында Жамбыл облысының Қордай ауданында бокстан КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ю.А.Цхай және КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері С.Қонақбаевтың жүлдесіне арналған 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында XIX республикалық турнирі өтті.
Аталған турнирде Жуалы ауданынан барлығы сегіз спортшы қатысып, арасында жеңіс тұғырынан көрінгендері де бар. Атап айтатын болсақ, Саят Жолдасбек және Мұхамедәлі Әлібек ІІІ орын, Алдияр Тасжан және Бақдәулет Қырғызбай ІІ орындарды иеленді.
Осыдан біраз уақыт бұрын Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында бокстан 2009-2010 жылы туған жасөпірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жеткен еді. Ел біріншілігіне Жуалы ауданының атынан қатысқан жас былғары қолғап шеберлері де үздік ойын өрнегін көрсете білді. Жуалы бокс мектебінің атынан аталған турнирде бақ сынағандардың арасында жүлделі орындарға ие болған боксшыларды да атап өткенді жөн көріп отырмыз.
Жуалы ауданының атынан сынға түкен боксшылардың ішінде 49 келі салмақ дәрежесінде Артур Ашылбай ІІІ орын иеленсе, 52 келі салмақ дәрежесінде Әділет Устеменко ІІ орын, 70 келі салмақ дәрежесінде Мұхамедәли Рүстембек барлық қарсыласынан басым түсіп, І орынды қанжығасына байлады.
Осы орайда былғары қолғап шеберлерін шыңдап, бокс спортының қыр-сырына қырандай баулып жүрген жаттықтырушылар – Н.Бүйенбаев және Н.Рахманқұлдың еңбектерін де ерекше атап өткен жөн.

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close