Basty bet
Мас әйел кафеде жанжал шығарды
Жуалы аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 434-б. 1-б. (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, өзге де қоғамдық орындардағы ортақ пайдаланылатын орындарды қорлау, қоғамдық тәртiптi бұзу) бойынша К.азаматшаға қатысты іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, 2023 жылдың желтоқсан айының соңында Б.Момышұлы ауылында орналасқан кафелердің бірінде, келушілерді былапыт сөздермен балағаттап, ыдыс-аяқты сындырып, қоғамдық тәртіпті және басқа да тұлғаларға сыйламаушылық бiлдiріп, тыныштықты бұзған.
Cот отырысында құқықбұзушы К. өзінің кінәсін толық мойындады.
Сот қаулысымен азаматша К. ӘҚБтК-нің 434-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 48 мыңнан жоғары әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Айгүл Қалымханқызы,
“Жаңа өмір”