Basty betQoǵam

Әзиз жандарға құрмет көрсетілді

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, «Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметова аудандағы 100 жастан асқан бірқатар ақжаулықты әжелерді, ерекше күтімді қажет ететін балаларды асырап отырған ардақты аналарды, көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың үйіне барып, көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, сый-сияпат жасап қайтты.
Бірінші болып Жаңаталап ауылының тұрғыны, 100 жастан асқан Зәпіш Зәуірбекова анамыздың үйіне барды. Анар Ахметова елі үшін ерінбей еңбек еткен анаға қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тіледі. Мерекеге орай сый-сыяпат жасап, гүл шоқтарын сыйлады.
Содан кейін, Кәріқорған ауылының тұрғыны 100 жастан асқан ақжаулықты ана Анапия Жақсылықованың үйіне барды. Ақжаулықты ана құттықтап келген нұротандықтарға алғысын жеткізіп, өмір жолында басынан кешкен оқиғаларын айтып, ақ батасын берді.
Сонымен бірге, Бауыржан Момышұлы ауылының тұрғыны ардақты ана Дариха Сыдықованың үйіне барып, мерекемен құттықтады.
Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлы ауылындағы ерекше күтімді қажет ететін баланы асырап отырған ана Зияш Сүйінқожаеваның үйіне барып, мерекемен құттықтап, әйелдерге қамқорлық жасау, көп балалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсету қашанда «Nur Otan» партиясының назарынан тыс қалмайтынын жеткізді.

Болат Жаңабаев,
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының консультанты

Таңдаулы материалдар

Close