Basty bet
жұмыртқаның Адам ағзасына пайдасы
Тауық жұмыртқасының пайдасы жөнінде үнемі айтылып жүр. Ал адам күнделікті екі жұмыртқа жегенде ағзасында қандай өзгеріс болады?
Бастың ми жүйесіне байланысын зерттейтін фосфолипидтер холиндерден тұрады. Дәл осы дәруменнің ми құрылысы маңызды екені ғылыми дәлелденген. Адам күніне екі жұмыртқа жегенде осы элемент толықтырылып отырады.Холиннің жеткіліксіздігі есте сақтау қабілетін төмендетеді.
Адамның көз жанары лютейн арқылы сақталады:
Жаңа зерттеулерге сәйкес, жұмыртқада лютейндердің көптігі анықталған. Лютейн көздің жақсы көруі мен нашар көруін зерттейді. Лютейннің жеткіліксіздігінен көз нашарлай бастайды.
Д дәрумені кальциді толықтырады:
Жұмыртқаның құрамындағы Д дәрумені адамның сүйегін қатайтып, тістің мықтылығын сақтайды. Сонымен қатар жұмыртқада В9 дәрумені де бар.
Жүрек-қан тамыры ауруларынан сақтайды:
Ғалымдар жұмыртқа құрамындағы холестерин фосфатиттермен тең болғандықтан адамға зиянсыз екенін дәлелдеді. Ол ағзадағы холестериндерді жояды.Жұмыртқада омега – 3 қышқылы бар. Ол жүрек қан тамыры ауруларының алдын алады.
Онкологиялық аурулардың алдын алады:
Миға әсер ететін холин онкологиялық ауруларға да қарсы күреседі деп ғалымдар дәлелдеген.
Дұрыс тамақтанумен, күнделікті белсенді қозғалыс, рационның әртүрлі болуы Сіздің денсаулығыңыз бен ұзақ өмір сүруіңіздің кепілі.
Гаухар Байдаулетова,
санитариялық-эпидемиологиялық
қызмет дәрігері