Basty bet

Ғасыр жасаған әже ел болашағына өз даусын берді

Ғасыр жасаған әже ел болашағына өз даусын берд

 

Күренбел ауылының 98 жастағы тұрғыны, тыл ардагері Есмуратова Қаншайым апа референдумға қатысып, өз азаматтық борышын орындады. Қаншайым апамыздың белсенділігі мен ел тағдырына деген жауапкершілігі барлық қатысушыларға үлгі болды.

 

98 жыл өмір сүрген ардагердің дауыс беру сәті тек жеке қадам ғана емес, сонымен қатар өткенді құрметтеу мен болашаққа деген сенімділіктің символы. «Мен үшін бұл тек дауыс беру емес, еліміздің болашағына қосқан үлесім. Өмір бойы елге қызмет етудің қаншалықты маңызды екенін көріп өстім. Бүгін өз дауысымды беріп, азаматтық борышымды орындадым. Әрбір дауыс – еліміздің болашағына қосылған нақты үлес», – деді Қаншайым апа.

 

Оның қатысуы жастарға патриотизм мен азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетуімен ерекшеленеді. Бұл оқиға қоғамға үлгі болып, әрбір азаматтың дауыс беруге белсенді қатысуының қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Таңдаулы материалдар

Close