Basty bet
Вакцинациялау туралы не білеміз?
Аудандық орталық аурухананың иммунолог дәрігері
Қалбике Сәрсеновамен сұхбат
-Қалбике Әліқызы, вакцинациялауға кімдерге рұқсат етіледі?
– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәргерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысына сай вакцинациялауға профилактикалық екпеге қарсы көрсетімдері жоқ адамдар жіберіледі. Вакцинациялау жүргізердің алдында дәрігер дене температурасын өлшеп, эпидемиологиялық анамнезін жинай отырып, міндетті тексеру жүргізеді. Егер дене қызуы 37°С-ден асса, вакцинациялау кейінге қалдырылады.
Дәрігер емдеушіге вакцинациялаудан кейінгі ықтимал асқынулар туралы ескертеді және оған ақпараттық материалы бар жадынаманы танысуға береді.
Қарап-тексерген кезде екпе алушылармен иммундағаннан кейінгі қолайсыз салдарлар туындаған жағдайда, медициналық көмекке жүгіну қажеттігі туралы түсіндірме жұмысын жүргізеді.
Осы ретте аудандық орталық емхананың КВИ-ге қарсы профилактикалық екпелер жүргізуге арналған егу кабинеті Қазақстан Респубикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 13.06.2018 жылғы № 361 бұйрығының талаптарына сәйкес жарақтандырылған. Онда шокқа қарсы емдеу құралдарының толықтығы мен жарамдылық мерзімінің сақталуы қамтамасыз етілген.
– Қазіргі кезде елімізде жаппай екпе жүргізіліп жатқан Гам-КОВИД-Вак вацинасы туралы не айтасыз?
– Гам-КОВИД-Вак – коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған құрама векторлық, бұлшық етке енгізуге арналған ерітінді. Ол екі компоненттен құралады: бірінші компонент – 0,5 мл/доза + екінші компонент – 0,5 мл/доза.
Бірінші компоненттің құрамына S ақуызы- SARS-CoV-2 вирусының генін алып жүретін 26 серотипті адам аденовирусы негізіндегі рекомбинантты аденовирустық вектор, ал екінші компонентке SARS-CoV-2 вирусының генін алып жүретін 5 серотипті адам аденовирусы негізіндегі вектор кіреді.
Вакцинаны сақтау минус 18°С-ден төмен температурада мұздатылған ерітінді түрінде жүзеге асырылады. Екі компонент қатайтылған тығыз ақ түсті қоймалжың зат. Ерітілгеннен кейін: біртектес түссіз немесе сарғыш реңкті аздап опалесцирлеуші ерітінді.
Вакцина коронавирустық инфекцияға қатысты гуморалдық және жасушалық иммунитеттің түзілуін индукциялайды.
Екпе алушыларға вакцинаны енгізуге қарсы көрсетімдер туралы да білген артық болмайды. Олар – вакцинаның қандай да бір компонентіне немесе ұқсас компоненті бар вакцинаға асқан сезімталдық; анамнездегі ауыр аллергиялық реакциялар; жүктілік және емшек емізу кезеңі; 18 жасқа дейінгі балалар ;
Екінші компонентті енгізуге қарсы көрсетімдер: вакцинадан кейінгі ауыр асқынулар (анафилактикалық шок, шоғыранған ауыр аллергиялық реакциялар, құрысу синдромы, 40°С және одан жоғары дене қызуының көтріуі ).
-Препаратты қолдануға қай жағдайда қарсы көрсетімдер болады?
– Препаратты мына төмендегі жағдайларда сақтықпен қолданылады:
1) эндокриндік жүйе функциясының айқын бұзылыстары (қант диабеті);
2) қан түзу жүйесінің ауыр аурулары;
3) қояншық, инсульт және ОЖЖ басқа аурулары;
4) жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары (миокард инфаркты, миокардит, эндокардит, перикардит, жүректің ишемиялық ауруы);
5) бастапқы және екінші иммун тапшылықтары;
6) аутоиммунды аурулар;
7) өкпе аурулары – демікпе және созымалы обсруктивті өкпе ауруы ;
8) аллергиялық атопияға, экземаға шалдыққан емделушілер;
9) қатерлі қан ауруларын қоса алғанда қатерлі ісіктер.
– Вакцинаны қолдану жөнінде қандай да бір ұсынымдар бар ма?
– Вакцинаны қолдану жөніндегі ұсынымдар ретінде мыналарды айтуға болады. Біріншіден, вакцинация екі кезеңде: әуелі 0,5 мл дозалы бірінші компонентпен, кейіннен, араға үш апта салып 0,5 м дозалы екінші компонентпен жүргізіледі; бұл ретте, 21 күні вакцинаның екінші компонентімен вакциналау мүмкін болмаған жағдайда (демалыс, мереке күндеріне тұс келу, басқа елдімекенге кетіп қалу және т.б.), екпені кейінгі жеті күннің ішінде жүргізуге рұқсат етіледі. Бірінші және екінші компоненттердің арасындағы уақыт аралығын негізсіз ұзартуға жол бермеуді ұсынамыз, өйткені бұл иммундық жүйенің жауабының қалыптасуына әсер етіп, вакцинациялаудың тиімділігін азайтуы мүмкін.
Вакцина тек бұлшық етке енгізуге арналған. Препаратты көктамырға енгізуге қатаң тыйым салынады!
КВИ-ге қарсы вакцинациялау вакцинаның түрлі компоненттерімен вакцинациялауға келген адамдардың бөлек вкциналауды ескере отырып, ұйымдастырылады. Бұл ретте, КВИ-ге қарсы вакцинациялау күні бірінші компонент қолданылатын бір егу кабинетінде екінші компонентті қолданып, вакцинациялау жүргізілмейді.
Тағы да атап көрсететін жайт, КВИ-ге қарсы халықты иммундауды ұйымдастыру кезінде вакцинациялауға жататын адамдардың тізімін жасау, вакцинациялауға жататын адамдарды екпеге шақыруды ұйымдастыру, бұл ретте уақыт аралықтары мен емханаға келгенде физикалық арақашықтықты сақтау мәселелеріне мән беріледі.
Сонымен бірге, екпе алған адамдар екпеден кейін физикалық арақашықтық талаптарын сақтай отырып, арнайы бөлінген бөлек, жақсы желдетілген бөлмеде 30 минут бойына медициналық бақылауда болады. Бұл ретте КВИ-ге қарсы екпе алған адамдарға «КВИ-ге қарсы вакцинациялау жүргізілген. Медициналық бақылау уақыты 30 минут!» деген белгісі бар арнайы таңбалау бейджі, сондай-ақ КВИ-ге қарсы вакцинациялау туралы жадынамалар мен ақпараттық материалдар беріледі.
– Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан
Абылайхан Сәрсен,
“Жаңа өмір”