Basty bet

Жуалы ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары туралы хабарлама

Жуалы аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 09 сәуірдегі №2 «Жуалы ауданы Боралдай, Қарасаз және Мыңбұлақ ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысына және Жуалы ауданы Боралдай, Қарасаз және Мыңбұлақ ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарының 16 тармағына сәйкес Жуалы ауданы әкімінің аппараты Жуалы ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар жөнінде хабарлайды:
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

№ Ауылдық округтер атауы Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
1 Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылы, Дінмұхамед Қонаев көшесі №38, «Жамбыл облысы Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында орналасқан тақта.
Рысбек батыр ауылы, Рысбек батыр көшесі №8, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №10 Жамбыл атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында орналасқан тақта.
Ертай ауылы, Жамалбек Қонашев көшесі №11, «Жамбыл облысы Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының алдындағы тақта.
2 Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылы, Гагарин көшесі № 2, «Жамбыл облысы Жуалы ауданы  Карасаз ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында орналасқан тақта.
Ақбастау ауылы, Береке көшесі №1А, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Жуалы аудандық орталық  ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Ақбастау медициналық пункті ғимаратының алдында орналасқан тақта.
Жұрымбай ауылы, Жеңіс көшесі №43а, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық  ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Жұрымбай медициналық пункті ғимаратының алдында орналасқан тақта.
3 Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылы, Абай көшесі №2, «Жамбыл облысы Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында орналасқан тақта.
Талапты ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесі №34, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің № 22 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында орналасқан тақта.

Таңдаулы материалдар

Close