Basty bet

Жүлдемен оралды

Жақында Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында армрестлингтен жасөспірімдер арасында Жамбыл облысының чемпионаты өтті. Оған қатысқан №19 Д.Қонаев атындағы МГ оқушысы Диана Әбілхан, Диқан ОМ оқушысы Алтын Сапарбай, №13 А.Байтұрсынов атындағы ОМ оқушысы Нұрдәулет Нұрлыбай І орынды жеңіп алды. Ал, №13 А.Байтұрсынов атындағы ОМ оқушысы Аман Ислам мен ТИГУ студенті Мұратбай Махамбет ІІ орынды иеленді.
Жаттықтырушылары – Ерғали Сыздықбаев және Ернұр Суфан.

***
Дзюдо күресінен 2009-2011 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Жуалы жұлдыздары» республикалық ашық турнир өтті. №2 Мыңбұлақ ОМ оқушылары Жания Пернебек, Ғазиза Қуанышбек, №15 мектеп-лицейдің оқушысы Әсем Сырым І орын, №2 Мыңбұлақ ОМ оқушылары Орал Тұңғышбай, Дарын Мұхтар, №29 ОМ оқушысы Іңкәр Омар, С.Бәйтіков атындағы ОМ оқушысы Ерсұлтан Жақсыбек, Нұртілес Байгелді ІІІ орынды иеленді. Жаттықтырушылары – Р.Тоқбаев, А.Айтпеков, Ж.Сейділдаев.
***
Тараз қаласында Бексейіт Түлкиевті еске алуға арналған таеквандодан WT халықаралық турнир өтті. Оған ауданнан қатысқан №1 Ш.Мұртаза атындағы МГ оқушысы Інжу Талғат, №19 Д.Қонаев атындағы МГ оқушылары Кибрияхан Исламбаева, Шаббона Исламбаева, №13 А.Байтұрсынов атындағы ОМ оқушылары Сумида Әбделі, Жанерке Бахыт қатысып үшінші орынды қанжығаларына байлады. Жаттықтырушылары – Имантай Әбеев, Есенгелді Сауранбек.

Лаура Мұсабекова,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close