Basty bet

Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ!

Ағымдағы жылдың 05-29 ақпан аралығында «Тараз» станциясының желілік полиция бөлімінің (ЖПБ) аумағында теміржолшыларға және жолаушылар поездарына мінетін жолаушылардың назарына, темір жол бойында және темір жол вокзалдарында жүру ережелерін сақтау мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілуде.
Осыған байланысты, «Боранды» стансасының ЖПб полиция қызметкерлері теміржолшыларға, жергілікті әкімдік қызметкерлері және мектеп мұғалімдерінің арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, темір жолдың қауіпті аймақ екендігін ескертумен бірге, олармен профилактикалық бағытта бірқатар іс-шаралар жүргізді.
Құрметті, Бауыржан Момышұлы ауылының тұрғындары мен қонақтары!
«Боранды» станциясының темір жол аумағында және темір жолдың белгіленбеген орындарынан өтпеулеріңізді және тоқтап тұрған вагондардың астынан, вагон үстінен өтпеулеріңізді сұранамыз! Жол ережесін бұзбау қажеттілігін тағы да ескертеміз!
Есіңізде болсын! Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ!

Асланби КӘРІМЖАН,
полиция капитаны

Таңдаулы материалдар

Close