Basty bet
Дін – экстремизм мен терроризмге қарсы
Қазіргі кезеңде дінді өздерінің саяси мақсаттарында қолданатын экстремистер мен террористер мемлекеттер мен қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіруде. Дін мен оның құндылықтарын бетперде еткен жалған уағызшылар жаһандық деңгейде алауыздық пен өшпенділік туғызып, төзімсіздік пен зорлық орнатуда.
Діни экстремизмнің басты сипаты – дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыру, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, сеніміне немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни тәжірибені қолдану. Діни экстремизмнің қылмыстық көріністерінің салдары бірден байқалмауы да немесе ұзақ мерзімдік зардаптар әкелуі де мүмкін.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша Ақсай ауылдық округінде арнайы «Діни ақпараттық түсіндіру тобы» құрылған. Топ мүшелігіне учаскелік инспектор, мектеп психологтары мен дінтану пәнінің мұғалімдері, ауыл имамы және Ақсай ауылдық округі әкімі аппаратының дін саласына жауапты маманы кіреді.
Аталған топ аудандық ішкі саясат бөлімімен бекітілген жылдық іс-шара жоспары бойынша ауыл тұрғындарына және мектеп оқушыларына тұрақты түрде семинар, жиналыстар, түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп тұрады. Топтың мақсаты – ауыл тұрғындарының, әсіресе санасы таза жастардың басқа жат ағымға еліктеп кетуінің алдын алу болып табылады.
Ақсай ауылдық округі
әкімінің аппараты