Basty bet

Egov қызметтері қолжетімді

Енді әскери қызметшілерге қызметтік баспананы жалға алу шартын алу үшін құжаттар тізімімен жұмыс орнына барып, кезекке тұрудың қажеті жоқ.
Әскери қызметшілер eGov.kz порталы арқылы қызметтік тұрғын үйді жалдау шартына онлайн қол қойып, ұзарта алады.
Қызметті алу үшін eGov.kz порталындағы «Азаматтар» → «Әскери есеп және қауіпсіздік» → «Әскери қызмет» бөліміне өтіп, «ҚР Қарулы күштерінің қызметтік баспанасын жалға алу шартын жасасу және ұзарту» қызметін таңдау қажет. Содан кейін жүйеге кіріп, барлық қажетті өрістерді толтырыңыз және қолжетімді әдісті пайдаланып қол қойыңыз.
Қызмет тегін көрсетіледі, ал қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.

***
Азаматтар кейде демалысқа билеттер сатып алып, қонақүйге тапсырыс бергеннен кейін шетелге шыға алмау мәселесіне тап болады.
15 минут ішінде eGov.kz порталы арқылы шетелге шығуға тыйым салынған адамдардың тізімінде өзіңізді тексеру арқылы мұндай проблеманың алдын алуға болады. Аталмыш қызмет eGov Mobile мобильді қосымшасында да қолжетімді.

***
eGov.kz порталы арқылы зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы алу өте оңай. Қызметті алу үшін қарапайым нұсқаулықты орындау жеткілікті:
– egov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;
– басты бетте «Азаматтарға» → «Әлеуметтік қамтамасыз ету» → «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлімін таңдаңыз;
– «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз;
– зейнетақы кезеңін көрсетіңіз;
– содан кейін тексеруге сұрау салуға қол қою қажет.

***
eGov mobile-дағы банктік несиелерді алудан ерікті түрде бас тарту қызметі зейнеткерді алаяқтардың құрбаны болудан сақтады.
БҚО-ның полиция департаментінде бірнеше ай бұрын Оралдағы аулаларды аралау барысында жергілікті зейнеткер құқық қорғаушылардан несиелерден бас тартуға өтініш беруге көмек сұраған. Қызметкерлер оған eGov mobile қосымшасын орнаттып, аталған қызметке өтінім берген.
Белгілі болғандай, сақтық шарасы бекер болған жоқ. Алаяқтар кейінірек зейнеткерге хабарласып, нұсқауларын орындауға мәжбүрлеп, оның жеке мәліметтерін алған. Алайда, бірнеше ай бұрын рәсімделген несиеден бас тарту қызметі алаяқтарға несие алуға мүмкіндік бермеген.
Естеріңізге сала кетейік, eGov.kz порталында eGov mobile қосымшасында «6 ай мерзімге банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін алуға болады.

Дереккөздер Egov.kz порталынан әзірленді

Таңдаулы материалдар

Close