Basty bet
Тұмаудың алдын алу жолдары
Тұмау және тыныс алу жолдарының жедел вирустық инфекциялары – бұл ауа тамшы жолдарымен жұғатын әртүрлі инфекциялардың жиынтығы. Соның ішінде тұмау циклдік ағымға ие болған. Сонымен қатар адамдардың көпшілігінде тұмау пандемиядан да қауіпті эпидемияға айналып отыр.
Қазіргі таңда тұмау эпидемиясы кезінде адам өлімі жоқ, бірақ көптеген адамдардың тұмауға деген салғырттықтарының салдарынан инфекцияның күшеюіне жол берілуде. Яғни, бұл өз кезегінде тұмаудың тұрақты вирустарын туғызады. Сөйтіп ауа арқылы басқа адамдарға жұғады, жүрек- қан тамырлары жүйесі, бүйрек және басқа да мүшелер ауруларының асқынуына әкеледі. Тұмау өте құбылмалы және оның құрылымы өзгеріп отырады, осылай тұмау және вирустық инфекциялар жаңа толқынды болады. Ең алдымен «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағиданы ұмытпауларыңыз керек. “Сақтықта қорлық жоқ” дегендей, әрбір адам өз денсаулығына жауап беруі тиіс.
Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін, орташа 2-3 күнді құрайды. Аурудың басталуы жедел, интоксикация синдромымен сипатталады. Бірнеше сағат ішінде дене температурасы 39-40С дейін көтеріледі, әртүрлі дәрежедегі қалтырау, мерзімі қысқа, 3-5 күн. Әдеттегiдей аурудың басы өткiр, кенет интоксикация синдромынан басталады. Қалтырауы бар науқастарда (өте жылдам бiрнеше сағат ағымында) дене температурасы 39-40С көтеріледі, қалтырау қысқа және әртүрлі сипатқа ие (ремиттирлеуші, интермиттирлейтiн сипаттағы қалтырау тағы басқалар), маңдай бөлімінің, әсіресе қабақ үсті аймағының ауырсынуы, бас айналу, тершеңдік, буындардың, сүйек-бұлшықеттерінің ауырсынуы тән, адинамия, жалпы әлсіздік үдей түседі. Тұмаудың ауыр ағымында ұйқының қашуы, көп ретті құсу, ес бұзылыстары, менингиалді белгілердің болуы тән.
Катаральды синдром интоксикация синдромымен бірге, немесе біраз кешігінкіреп пайда болады (12-24 сағаттан кейін). Оған тән белгілер: тамағының жыбырлауы, жұтынғанда ауырсынуы, мұрынның шырышты қабатының қызаруы және ісінуі, мұрынның бітелуі, мұрыннан су ағуы, дауысының қарлығуы, «құрғақ», қысқа түрдегі жөтел, аранның шырышты қабатының ісініп, қызаруы. Аурудың алғашқы күнінен көз алмасының ауырсынуы, жас ағуы, жарыққа сезімталдығының жоғарылауы, конъюктивит анықталады. Тұмаумен ауыратын науқастардың сыртқы келбеті: беті ісінген, аздап қызарған, жүрек-қан тамыр жүйесі жағынан тахикардия мен гипотония байқалады. Атипті түрлері: Акатаральды түрінде интоксикация синдромының белгілері басым болып, катаральды синдром болмайды. Афебрильды түрінде температурадан басқа белгілердің барлығы болады, бірақ әлсіз түрде. «Найзағай» тәріздес түрлерінде ауыр ағымды және летальды аяқталу болады. Геморрагиялық түрі петехиалды бөртпелері мен әртүрлі қан кетулермен өтеді, ауыр ағымды.
Тұмауды алдын алудың жолдары:
1. Эпидемия кезінде адамдармен байланысыңызды мүмкіндігінше азайтуға тырысыңыз (қоғамдық көліктермен сирек жүріп, қонаққа барудан бас тартыңыз).
2. Бөлмеңізді, үйіңізді жиі желдетіп, ылғалды түрде жиыстырып қойыңыз.
3. Мұрныңыздың шырышты қабығын интерферонды қолдана отырып, 0,25 пайызды оксалин майымен майлап қойыңыз.
4. Сарымсақ, пияз сонымен қатар құрамында С дәрумені бар өнімдерді көбірек пайдаланыңыз: лимон, орамжапырақ, қара қарақат.
5. Төрт қабатты дәкелі таңғышты қолданыңыз.
6. Толық тамақтаныңыз
7. Таза ауада жүйелі түрде серуендеу, денешынықтырумен және спортпен айналысуды қолға алыңыз.
8. Тұмаумен ауыратын науқасты басқалардан оқшалауды ұмытпаңыз.
Нейли Муликова,
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті
басшысының орынбасары