Basty bet

Жаңа Жолдау – жаңа бағдар

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа кезекті жаңа Жолдауын жариялап, қазір қалыптасып отырған геосаяси ахуал мен әлемдік сын-қатерлер туралы айта келіп, осыған сәйкес, Тәуелсіз елдің жаңаша даму бағдарларын айқындап берді.
Биылғы Жолдауда белгілі болғандай, ел дамуының драйвері болған – ауыл шаруашылығы саласын жаңа заманға сай дамыту ісін қолға алып, одан бөлек, өңдеу өнеркәсібі, тау-кен металлургия кешенін дамытуға басымдық берілетінін, сонымен қатар, жүк тасымалындағы рәсімдерді цифрландыру, бос жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізу, цифрландыру саласын дамыту, атап айтқанда, Президенттің пәрменімен алдағы уақытта жасанды интеллект және цифрландыру министрлігі құрылмақ. Мұны да елдің жаңаша қырынан дамуына бағытталған маңызды міндеттердің бірі деп атап өткен жөн.
Жолдауда мемлекеттік жастар саясатын дамытумен қатар, басқа да маңызды салалардың жұмысына жаңашылдықтарды батыл енгізу жөнінде нақты міндеттер қойылып, алда атқарылатын жұмыстардың жаңаша бағыт-бағдарлары жария етілді. Сайып келгенде, мұның барлығы өте маңызды міндеттер.
Жаңа Жолдау ел дамуына жаңаша бағыт-бағдар беріп, жаңа бағдарларды толықтай қамтыды деген ойдамын. Алда атқарылуға тиіс қыруар міндет тұр. Ал межеден көріну – басты мұрат болуға тиіс!
Нұртілеу ТӨРЕН,
аудандық Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары

Таңдаулы материалдар

Close