Basty bet

«Мемлекеттік тілдің мәртебесін жоғары деңгейде ұстанудамыз».

 

Тіл-қашанда ұлттың ұйытқысы. Сөзі өз тілінде шыққан халықтың егемендігі баянды, тұғыры қашан да биік болатыны анық. Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызы мен салмағы күн санап дамуда. Жас ұрпақтың тілі ана тілінде шығып, қазақ тілінде білім алуына, басқа да тілдерді жетік меңгеруіне толық мүмкіндік те бар.

Қазақ тілі – әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, көркем тілдердің бірі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті құдіретті.

Тілдің бүгінгі таңда өзекті орны бар, ол әр азаматқа тән мемлекеттің абыройы мен егемендігінің сақталуының маңызды тұтқысы болуы. Біз қазіргі әлемде болып жатқан үлкен өзгерістерге куә болудамыз, сол себептен бүгінгі таңда жас ұрпақтардан бастап елге деген патриоттық сезім, ана тілдің қорғау, мемлекеттік тілді дамыту, насихат жолымен абыройын көтеру әр қайсымызға байланысты.

Ата жұрттан қалған, ана тілімізді биікке көтеруді қолға алудамыз әрі жалғастырамыз деп айтқым келеді.

Ата Заңда «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» деп жарияланған. Яғни, ол – тек қазақтардың ғана емес, этнос өкілдерінің де мемлекеттік тілі.

Расында, бір тудың астында күн кешкен халықтың біртұтас ұлт болып қалыптасуы үшін мемлекеттік тілдің өз функциясын атқаруы – заңдылық. Әйтсе де, мемлекеттік тіліміздің қолданысы әлі күнге өзекті мәселе болып тұр.

Жуалы аудандық соты осы тұрғыда артта қалмауда, іске асырылып жатқан жұмыстар көп, кеңседегі іс-жүргізу жұмыстарында барлық шығыс, ішкі құжаттар түгел дерлік мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Барлық судьялар мен сот қызметкерлері 100 пайыз мемлекеттік тілді меңгере алады. Тек кіріс құжаттар кейбір мекемелерден ресми тілде келуде, оларға жауап ретінде мемлекеттік тілге басымдық беру туралы хаттар мен мемлекеттік тілдегі талап қоюлардың үлгілері жолданады.

Бүгінгі таңда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа жолдауындағы басым бағыттарының бірі мемлекеттік тілді жан-жақты дамыту мәселесі мұқият назарда тұр.  Біз Президентіміздің бастамасын жалғастыруымыз парыз.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, мемлекеттік тілді жетілдіруде өзара әрекеттесуді жоғарылатуға байланысты, мемлекеттік тілдің қызметтегі қолдану тәжірбиесін арттырылып келеді.

Приоритетті бағытымыз, болашақ ұрпақтардың алдында мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктету, цифровизация саласында қолдануын ұлғайту, бір орында отырмай ары қарай осы пәрменді қадамдарды жалғастыруымыз қажет дегім келеді, сонда ғана нәтижесін көре аламыз!

 

Жуалы ауданы

Сот әкімшісінің басшысы

Самат Ералиев.

Таңдаулы материалдар

Close