Basty bet

Мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды!

Жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін күн жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеудің мерзімі болып табылады.
Бұл ретте салықты бюджетке төлеу мерзімі яғни (01.04.2024) күнінен бастап, салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін өсімпұл есепке жазылады.
Мемлекеттік кірістер органдары көлік құралдары салығының берешегін өндіріп алу үшін сот орындаушыларына 1 АЕК-тен жоғары берешек сомалары бойынша жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрықтары жіберіледі.
Осыған орай, көлік салығына берешектеріңізді уақтылы тексеріп, төлем жасалуын қадағалап отыру керектігін ескертеміз!

Қарлығаш МҮсірепбек,
аудандық мемлекеттік кірістер
басқармасының маманы

Таңдаулы материалдар

Close