Basty bet
Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3)тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, басқару органдарының пікірін ескере отырып, Жуалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылының аумағы қосымшадағы экспликацияға сәйкес шекарасы (шегі) өзгертілсін.
2. Осы бірлескен аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат шешімінің орындалуын бақылау және интернет-ресурстарда жариялануы аудан әкімінің орынбасары Рахымғазы Нұрғазыұлы Куньязовқа және аудандық мәслихаттың әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы нормативтік-құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жуалы ауданының әкімі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы