Basty bet

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басты талап

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.
Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да бар қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – барлығымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу болып табылады. Осы заңмен, мемлекеттік міндетті атқаратын және де оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін, мүмкіндіктерін пайдалана отырып, пайда табу сыбайлас жемқорлық деп анықталған. Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жалғастырып, пәрменді шаралар көріп отырғаны баршаға белгілі. Оның айтарлықтай нәтижесі де бар. Олар туралы БАҚ бетінде, теледидар және радио арқылы қоғам мүшелеріне жеткізіліп жүр.
Мемлекет пен кейбір шенеуніктердің атқаратын қызметін заң жүзінде нақты айқындау, қабылданатын шешімдер кейбір адамдардың еркіне тәуелді болатын салаларды азайту. Басқаша айтқанда, заңнамалардың анықтығы, қарапайымдығы мен тұрақтылығы қажет, азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін жағдайлар туғызу, халықтың білім деңгейін, оның ішінде, құқықтық сауаттылығын арттыру керек. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында көптеген мемлекеттік қызметтер цифрландырылған.
Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлеуметтік тұрғыдан пайда болғандықтан, оны болдырмау мен алдын алуды барлық мемлекеттік мекемелер қамтамасыз етулері қажет.
Марат Искаков,
аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы

Таңдаулы материалдар

Close