Basty bet

Жобаның іске асырылу барысы қаралды

“AMANAT” партиясының аудандық филиалында Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мұхамеджан Әсемовтың төрағалығымен өткен отырыс барысында аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ержан Серкебаевтың “Ауыл аманаты” жобасының ауданда іске асырылу барысы туралы баяндамасы тыңдалды.
Комиссия отырысына аудандық мәслихаттың төрағасы Зиядхан Бүрлібаев және комиссия мүшелері қатысты.
Бөлім басшысы Ақтөбе, Ақсай, Жетітөбе, Қарасаз, Қызыларық және Мыңбұлақ ауылдық округтерінде жүзеге асырылған “Ауыл аманаты” жобасы және аудан әкімі Ж.Мұртазаның сайлауалды бағдарламасындағы ауыл шаруашылығы саласына қатысты бағыттарының орындалу барысы туралы баяндады.
Е.Серкебаев сонымен бірге комиссия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Жиын соңында қаулы қабылданды.

“Жаңа өмір”- ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close