Basty bet

Әсіредіншілдік – қоғамға төнген идеологиялық қауіп

Еліміздегі дін саласындағы көптеген күрделі мәселелердің бірі ретінде азаматтардың дінге келуі кезінде әртүрлі адамдардан дінді танып, әртүрлі топтарға білместікпен кіріп кетуін айтуға болады.
Бастапқыда діндарлық ретінде санаған танымы кейіннен «әсіредіншілдік» болып кеткенін көп азаматтар байқай алмайды. Бұның себебі, діни білімнің төмендігі және алдындағы адамның біліміне қарсы дәйек келтіре алатындай рухани иммунитетінің болмауы.
Діни сенім ақыл мен парасатқа жүгінген жағдайда ғана шынайы діндарлық, рухани мәдениет қалыптасады. Осыған орай Абай Құнанбайұлы: «Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды!» дейді.
Сондықтан, бүгінгі күнде шектен шыққан әсіредіншілдік, діни фанатизмнен туындап отырған зардаптар, келеңсіз оқиғалардың барлығы сол ғылымсыз, парасатсыз дінге келгендіктен, діни, саяси, рухани және тарихи т.б. сауатсыздықтан болып отырғаны анық.
Әсіредіншілдікті әдет қылған діншілдер мен «ұстаздар» ешқашан біздің мүддемізге сай келмейді. Оларда рухани мүддеден гөрі саяси, материалдық мүдде басым екенін өздері де түсіне бермейді. Сондықтан елдің, ұлттың, халықтың тұтастығын сақтап қалу үшін өздерін ғана діндар санайтын, дін ұстанушылардан сақтану қажет.
Олай болмаған жағдайда, қоғамнан ауызбіршілік төмендейді. Ал, ауызбіршілік төмендесе, елдің тұтастығы мен ынтымағына нұқсан келетіні анық. Ынтымақ кеткен жерден ырыс та кетеді!

Жанар Нұрмұратқызы,
Қарасаз ауылдық округінің әкімі

Таңдаулы материалдар

Close