Basty bet
2023 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің жаңа мөлшері туралы
«2021-2023 жылдарға республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасына сәйкес 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі көрсеткіштер белгіленеді:
Күнкөріс деңгейі (КД) – 40 567 теңге.
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3450 теңге.
Толық еңбек өтілі үшін зейнетақының ең төменгі мөлшері (2023 жылдан тағайындау үшін) – 53076 тенге.
Базалық зейнетақы төлемі ең төменгі мөлшері – 24341 тенге.
Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді уақтылы қайта есептеуді қамтамасыз ету мақсатында келесі параметрлерге сәйкес болуы керек.
1.Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап алынатын мөлшердің 10,5%- на көбейтіледі.
2. Ең жоғарғы табыс, жасына байланысты зейнетақының жаңадан тағайындалған төлемдерін есептеу үшін, 2023 жылғы 1 қаңтардан 46 АЕК-тен 55 АЕК-ке дейін өседі (189750 теңге).
3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілген ең жоғары табыстың ұлғаюына байланысты, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қалыптасқан зейнеткерлерге, егер жасына байланысты төлемдерін есептеу кезінде олардың орташа айлық табысы айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 46 есеге шектелген болса, көбейтілуге жатады.
Бұл ретте жасына қарай зейнетақы төлемдерінің мөлшері, табыстан 55 АЕК шегінде есептелген негізінде, алатын мөлшерден көбейтілген 10,5%- дан төмен болмауы керек.
4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2023 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 4-бабына сәйкес, күнкөріс деңгейінің (КД) жаңа мөлшеріне пайыздық арақатынаста белгіленді.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 60 пайызы мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырыла отырып, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.
Бұл жаңа, сондай-ақ 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін қалыптасқан зейнеткерлерге қатысты.
5.Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерлері «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы лар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы №126 ҚР Заңының баптарында (12,16,18) көзделген мөлшерлерде белгіленеді жене күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты арттырылады.
6.№1 және №2 Тізімдер бойынша берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың, бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақының, бала бір жасқа толғанға деін оның күтіміне байланысты мемлекеттікжәрдемақының, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың, төрт және одан көп бірге тұратын жасы кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру мекемелерін аяқтайтын уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) мемлекеттік жәрдемақылардың, сондай-ақ Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан запдап шеккен азаматтарға және жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағайындалған, бірақ төленбеген біржолғы ақшалай өтемақылардың мөлшері АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады.
7.Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға мемлекеттік жәрдемақының, бала кезінен 1-топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын отбасыларға (адамдарға) мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан КД ұлғаюына байланысты арттырылады.
8.01.01.2023 жылға дейін тағайындалған қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы алатын төлемдер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен инфляция деңгейі 8.5%-ға арттырылады.
Айман жанаева,
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің
Жамбыл облысы бойынша департаментінің
№3 зейнетақы және әлеуметтік және
қамсыздандыру бөлімінің басшысы