Basty bet
Сақтансаң, сақтайды!
Ағымдағы жылдың 16-25 шілде аралығында Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы өткізілуде. Акцияның басты мақсаты – теміржол көлігі объектілерінде жазатайым оқиғалардың, пойыздардың жедел тежеу қолдануларының, қоғамдық орындарда, жолаушылар пойыздарында қылмыстардың және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
2025 жылдың өткен мерзімінде республика аумағында азаматтардың теміржолда жүру ережелерін және темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу салдарынан пойыздардың 877 жедел тежеу дерегі орын алған. Оның ішінде, адамдарды пойыз қағуының 40 дерегі тіркеліп, 20 дерек бойынша адамдар оқиға орнында қайтыс болды. Ал, «Боранды» станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызмет көрсету аумағында ағымдағы жылдың өткен мерзімінде адамдардың теміржолдан өту ережелерін және темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу себептерінен пойыздардың жедел тежеу қолданып тоқтауларының 11 дерегі орын алып отыр. Оның ішінде, 3 бас жылқы, 6 бас қой және 1 бас есек малдарын пойыз қағып, мал шығындары болды. Малдың иелері анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталған деректерге жол бермеу үшін теміржол аса қауіпті аймақ екенін терең ескеріп, яғни теміржолдан белгіленбеген жерлерден және вагондардың астынан өтпеу, вагондардың үстіне шықпау, теміржолдан өткенде құлаққаптар мен ұялы телефондарды пайдаланбау және малды теміржол арқылы айдап өтпеу және теміржол бойында жаймау қажет. Сонымен қатар, жолаушылар пойызында жол жүру кезінде ұялы телефондарды, басқа да бағалы заттарды қараусыз қалдырмау қажеттігін азаматтардың есіне саламыз!
«Боранды» станциясындағы желілік полиция бөлімі.
Жуалы ауданы