El іshі

Ауылдан жеткен ақпарат

Б.Момышұлы
Адамзаттың өмірдегі қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Балалар біздің тірегіміз, жарқын болашағымыз. Олар біздің өміріміздің ең басты, ең маңызды жетістігі. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада толысып, нәрленеді.
Аудандық балалар кітапханасында №1 «Бөбекжай» балабақшасы мектепке дейінгі ересек жас «Наурыз» тобымен «Кітапхана – балабақша» атты кітап әлеміне саяхат өтті. Бүлдіршіндерге ең бірінші кітапхана, абонемент, оқу залы, кітаптардың қалай орналасқаны, кітапханаға қалай жазылу керектігі туралы толық мағлұматтар берілді. «Кітап – білім бұлағы. Кітап – білімнің қайнар көзі» екені барынша түсіндірілді. Сондай-ақ іс-шара барысында бүлдіршіндердің назарына 3Д, панорама, сөйлейтін кітаптар және де тағы да басқа көркем суреттелген иллюстрациялы кітаптар ұсынылды. Бүлдіршіндерді сұрақ-жауап арқылы қандай ертегілерді білетіндері тексерілді. Кітапханашылар К.Таубалдиева мен Н.Нұрманалиевалар бүлдіршіндерге ертегілер оқып, тәрбиеші Ш.Аюбаева кітапхана қызметкерлеріне алғысын айтты.
Қошқарата
Биылғы жылы елімізде жарияланған Жастар жылы аясында ауылдық округте саламатты өмір салтын насихаттау және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Street Workout» алаңшасы пайдалануға берілді. Алдағы уақытта шалғай ауылдағы жастар саламатты өмір салтын ұстанып, оларға түрлі жаттығулар өткізу үшін тиімді болатыны сөзсіз. Алаңша ашылған күннен-ақ ауыл жастары осында келіп, бір мезгіл денелерін шынықтырып, спортпен айналысу үстінде.

Мыңбұлақ
Ағымдағы жылдың 18-ші қазан күні ауылдық округке қарасты Талапты ауылындағы №22 Б.Момышұлы атындағы орта мектепте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы екінші қыркүйегіндегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру бойынша облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен ауыл тұрғындары және білім ошағы қызметкерлерімен кездесу болып өтті. Онда ақпараттық топтың мүшелері Президент Жолдауын кеңінен насихаттап, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Нұржан МАНАСҰЛЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close