Qoǵam
Конкурсқа шығарылатын жер учаскелеріне қорытынды беру туралы мәселе қаралды
Жақында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа қоғамдық кеңестің мүшелері, ауылдық округ әкімдері, жергілікті қоғамдастықтың төрағалары және аудан әкімінің жер қатынастары бөлімінің мамандары қатысты.
Отырысты аудандық кеңестің төрағасы Әбдікерім Уркумбаев ашып, күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 2-ші тармақшасына сәйкес «шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелеріне қорытынды беру» хатына сәйкес келісім беру мәселесі және әртүрлі мәселелер қаралды.
Жиында бірінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы Н.Қоскелбаева баяндама жасады.
Аудандық қоғамдық кеңестің шешімі:
1. а) Қарасаз ауылдық округіндегі ұсынылған барлығы – 252,88 гектар егістік жерінің округтегі тұрғындардың жерлерді нақтылау, иелерінің рәсімдеп жатқандығы және ауыл әкімі мен жергілікті қоғамдастығының шешімі негізінде, ұсынылған 252,88 гектар егістік нақты анықталғанша конкурсқа қойылуына келісім берілмесін.
б) Күреңбел ауылы аймағынан, ұсынылған барлығы 21,4 гектар егістік жер, жергілікті қоғамдастықтың шешімі негізінде, ауыл әкімінің қолдауымен конкурсқа шығарылуына келісім берілмесін.
в) Ақтөбе ауылдық округіндегі барлығы 201,1 гектар егістік жерлер, Боралдай аймағындағы 64,3 гектар егістік жерлер, Көкбастау ауылдық округіндегі ұсынылған 125,4 гектар егістік жерлер (12,4 гектар суармалы), Жетітөбе ауылдық округіндегі 62,43 гектар егістік жерлер, Нұрлыкент округіндегі 99 гектар егістік жерлер азаматтық қоғамның (халық, жұрт) пікірлері ескеріліп, барлық есгістік жерлердің (жайылым емес) конкурқа қойылуына келісім берілсін.
г) Ақсай ауылдық округі бойынша ауыл әкімі М.Мәтеннің қолдауымен және жергілікті қоғамдастықтың шешімі негізінде ұсынылған барлық егістік жердің 117,3 гектары тек қана екі жер теліміндегі 42 гектар 4 гектар егістігіне келісім берілсін.
д) Билікөл ауылдық округінен жер қатынастары ұсынған барлығы 20 гектар егістік жер (оның 5,0 гектары суармалы) телімінің тек 5 гектары ғана конкурсқа ұсынылып, келісім берілсін.
з) Шақпақ ауылдық округі бойынша ұсынылған 88,2 гектар егістік жер толығымен конкурсқа ұсынылып, келісім берілсін.
ж) Қызыларық ауылдық округі бойынша ұсынылған барлығы 86,7 гектар егістік жердің 12 гектарына оң қорытынды берілгені ескеріліп, келісім берілсін. Қалған 38 гектар, 18 гектар, 12 гектар, 6,7 гектар егістік жерлердің ауыл малдарының «падасы» екені ескеріліп және тұрғындардың жер иелерінің жерді рәсімдеп жатқаны ескерілсін.
к) Қошқарата ауылдық округі бойынша ұсынылған барлығы 63,3 гектар егістік жерлердің жергілікті қоғамдастығының жиналысы заңсыз (кворум жоқ), шешімде конкурсқа байланысты уәжді ұсыныстардың жоқтығы ескеріліп, келесі конкурсқа қалдырылып, келісім берілмесін.
қ) Соңғы уақыттағы аудандағы жайылым жерлердің жетіспеуі, қатаң бақылауда тұрғаны, сонымен қатар, халықтың пікірлері, ескеріліп, аудандық қоғамдық кеңес мүшелерінің бірауыздан қолдауымен конкурсқа аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің ұсынып отырған жайылым жер телімдеріне келісім берілмесін:
1. Боралдай ауылдық округі – 412 гектар жайылым;
2. Көкбастау ауылдық округі – 55 гектар жайылым;
3. Билікөл ауылдық округі – 580 гектар жайылым;
4. Шақпақата ауылдық округі – 34 гектар жайылым;
2. а) Қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты – қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылатынын ескере отырып, қоғамдық кеңес отырысында әлеуметтік желілерде немесе БАҚ-та жарияланатын тоқсанына кемінде бір рет коғамдық консультациялар өткізу кестесі әзірленсін және бекітуге ұсынылсын.
б)«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылдың 02 қарашасындағы №383 Заңының 7-бабы, 2-тармағын басшылыққа алып, әрбір аудандық қоғамдық кеңес мүшелері:
– өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға міндетті екені;
– Конститутцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті, Үкімет актілерінің, Қазақстан Республикасы өзге де нормативті-құқықтық актілерінің нормаларын сақтауға міндетті екені;
– «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қол жеткізуге шектеу қойылмайтын ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік органнан, жергілікті өзін-өзі басқару органнан немесе квазимемлекеттік сектор субьектісінен алынған дербес деректерді дербес деректер субьектісінің келісімінсіз таратпауға, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны қарайтын мәліметтерді жария етпеуге міндетті екені қоғамдық кеңес мүшелеріне таныстырылсын.
в)Аудандық қоғамдық кеңес мүшелері заңдылықтарды басшылыққа ала отырып, 2024 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес, берілген хабарламадан (уведомление) соң зерделеуге, талдауға шығатын мемлекеттік органдар мекемелері бойынша анықтамалар, ұсыныстар, пікірлер т.б. тек қана аудандық қоғамдық кеңестің отырысында қаралып, тиісті шешімдер қабылданып, сосын ғана тиісті құзырлы мекемелерге, аудан әкіміне т.б. ұсынымдар берілетіні ескерілсін.
г)«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 02 қарашасындағы №383 Заңының 3-бабы, 1-тармақшасына сәйкес, азаматтық қоғамның (халық, жұрт) маңызы бар мәселелері бойынша пікірлерін анықтап, жеткізу мақсатында аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері екі топқа бөлініп ауыл округтерінде арнайы кестеге сәйкес шығып, тұрғындарды қабылдау, пікірлерін ескеру, қоғамдық кеңестің мақсаттарымен міндеттерін т.б. заң талаптарын түсіндіру үшін кесте бекітілсін, әр қоғамдық кеңес мүшелеріне таныстырылсын.
Аудандық қоғамдық кеңес