Qoǵam
неке заң талаптарымен сабақтасуы тиіс
Өркениетті әлемде қоғaм aдaмдaрдың бірлескен тіршілігінің, іс-әрекетінің жиынтығы ретінде aдaмзaттың дaмуын реттеп отырaды. Осы қоғaмдa әсіресе отбaсы үлкен рөл атқарады.
Отбaсы – мемлекет ішіндегі туыстық бaйлaнысқa негізделген кішігірім бірлестік. Осы бірлестікте ұрпақ дүниеге келеді, яғни қоғaмның әрбір мүшесі толысып, тәрбиеленіп шығaды. Бұл мәселені Біріккен Ұлттaр Ұйымы өткен ғасырдың бел ортасында-ақ қолға алған-ды. Атап айтқанда осы Ұйымның 1948 жылдың 10 желтоқсaнындa қaбылдaнғaн Aдaм құқықтaрының жaлпығa бірдей деклaрaциясының 16-шы бaбындa: «Отбaсы қоғaмның тaбиғи және негізгі ұясы болып тaбылaды, және қоғaм мен мемлекет тaрaпынaн қорғaлуғa құқылы» делінген.
Осы ретте еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін неке және отбасына байланысты өзіміздің дербес Заңымыздың қабылданғанын еске алып өткен жөн. Бүгінгі таңда елімізде отбасы құндылықтарының әлсіреуіне әсер етіп отырған жасырын заңсыз неке, уақытша неке, ажырасу көрсеткіштерінің ұлғаюы тәрізді теріс құбылыстардың орын алып отырғаны ақиқат.
Ұлыбританиялық «The economist» журналының 2015 жылғы мәліметі бойынша Қазақстан ажырасу саны жағынан әлемдегі алдыңғы 10 мемлекеттің қатарына кірген екен.
Қaзaқcтaн Рecпубликacы Ұлттық экoнoмикa миниcтрлігі Cтaтиcтикa кoмитeтінің мәлімeтіншe, 2016 жылы 141202 нeкe тіркeліп, 51993 aжырacу, сондай-ақ 2018 жылы 137, 8 мың неке тіркеліп, 54,8 мың ажырасу фактісі орын алған. Бұл әрине ел болашағы үшін ойланарлық мәселе болып отыр.
Некелесу мәселелерінде орын алып отырған өкінішті жайттардың діни салаға қатысты тұстары да бар. Бүгінгі таңда кейбір азаматтар діни некеге ғана тұрып, ал ресми түрде некелесуді міндетті деп санамайды. Сонымен қатар, діндегі «талақ» («Талақ» араб тілінен енген «Әйелінен ажырасу, некелерін бұзу» деген мағынаны білдіретін сөз) ұғымын өз мақсаттарына бұрмалай отырып, әйелдерімен оп-оңай ажыраса салатын дәстүрлі емес діни ағым өкілдерінің іс-әрекеттері де алаңдатарлық құбылысқа айналып отыр. Осының салдарынан көптеген әйелдер шарасыз күйге душар болып, дүние есігін ашқан ұл-қыздары отбасы бақытын көрмей өсуде. «Неке» ұғымын ойыншыққа айналдырған теріс діни ағым өкілдерінің әрекетін мемлекет заңы да, шариғат заңы да құптамайтыны ақиқат.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болатыны анық жазылған. Осыған байланысты ел азаматтары өз некелерін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес тіркеуі міндетті. Өз кезегінде бұл ерлі-зайыптылардың, олардың балаларының заң аясында құқықтарының сақталуына кепілдік береді. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінде «Тек мемлекеттік органдар қиған неке (ерлі-зайыптылық) ғана танылады. Діни жоралар мен рәсімдер бойынша қиылған неке (ерлі-зайыптылық) тіркеуші органдарда тіркелген некеге (ерлі-зайыптылыққа) теңестірілмейді және тиісті құқықтық салдарлар тудырмайды» деп атап көрсетілген.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктерге Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен неке куәлігін алған жұптардың ғана некесін қиюға рұқсат берілген. Бүгінгі таңда облысымызда ислам діні тұрғысынан неке қиюға құқылы 13 мешіт белгіленгендігін кім-кім болсын қаперінде ұстағаны жөн. Олар:
1) Тараз қаласы, облыстық «һибатулла Тарази» мешіті;
2) Тараз қаласы, қалалық «Кеңесхан қажы» мешіті;
3) Байзақ ауданы, Байзақ аудандық орталық мешіті;
4) Жамбыл ауданы, Жамбыл аудандық орталық мешіті;
5) Жуалы ауданы, Жуалы аудандық орталық мешіті;
6) Меркі ауданы, Меркі аудандық орталық мешіті;
7) Мойынқұм ауданы, Мойынқұм аудандық орталық мешіті;
8) Қордай ауданы, Қордай аудандық орталық мешіті;
9) Сарысу ауданы, Сарысу аудандық орталық мешіті;
10) Талас ауданы, Талас аудандық орталық мешіті;
11) Т.Рысқұлов ауданы, Т.Рысқұлов аудандық орталық мешіті;
12) Шу ауданы, Шу аудандық орталық мешіті;
13) Шу ауданы, Шу қаласының орталық мешіті.
Облысымыздың жаңадан отау құрған азаматтары АХАТ бөлімдерінде некелерін тіркеген соң ғана өздерінің қалауына сай діни некені осы аталған мешіттерде қидыруына болады.
Отбасын құру – әрбір адамның өміріндегі өте маңызды қадам екені белгілі. Осы себепті еліміздің тұрғындары отбасылық өмірлерінің жарқын болашағы үшін некелесу үрдісіне жауапкершілікпен қарағандары, заңнама талаптарын сақтағандары абзал.
Елнұр Әскенұлы,
облыс әкімдігі дін істері басқармасының ислам бағытындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі бөлімінің бас маманы, гуманитариялық ғылымдар магистрі