Basty bet

Мақсат – жол-көлік оқиғаларын азайту

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2019 жылғы 18 қазандағы нұсқауына сәйкес, Жуалы ауданының аумағында жүргізушілер арасында көлік қозғалысы тәртібін жақсарту, жол-көлік оқиғалары санын азайту, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 21-27 қазаны аралығында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылуда.
ЖАІШ өткізу мақсаты – заңсыз қайта жабдықталған, сондай-ақ техникалық жағдайы мен құрылысы жол жүрісі қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін автокөліктерді, соның ішінде автобустар мен таксилерді пайдалануға тыйым салуға, әкімшілік хаттамалар толтырып және мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілерін ала отырып, шаралар қолдану болып табылады.
Шараны өткізу кезінде жергілікті мәндегі және елді мекендердегі жол-көше желісінде патрульдік полиция қызметкерінің болмауына байланысты, учаскелік полиция инспекторларын жұмылдыру жолымен рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.
Аудан аумағында жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен бірлесіп, жұмыс істеуді ұйымдастыру мақсатында бірлескен іс-шаралар атқарылады.

Руслан Ерген,
Жуалы АПБ ӘПБ бастығы, полиция майоры

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close