El іshі
Мемлекеттік қызметтің бес түрі көрсетіледі
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімінің аппараты ғимаратында стендте көрнекті орында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының тізбесі орналастырылған. Сондай-ақ, халықтың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
Әкімшілікте «Электрондық үкімет» және egov.kz порталдарында жұмыс істеуге тұрғындарды үйрету бағытында бірқатар жұмыс жүргізілуде. Тұрғындарға электрондық-сандық қолтаңбаны ашу қажеттігі және картридерді қолдану тәртібі түсіндіріліп, сондай-ақ, электрондық мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері барынша жеткізілуде.
Ауылдық округте жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрыққа сәйкес көрсетілетін қызмет алушылардың өтініші негізінде жеке тәртіппен мемлекеттік қызметтердің бес (5) түрі көрсетіледі.
1. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу қызметі; Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.
2.Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру қызметі; Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.
3.Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату қызметі; Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.
4.Жер учаскесін алу үшін кезекке қою; Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
5.Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру; Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.
Жетітөбе ауылдық округі
әкімінің аппараты,
Кәріқорған ауылы,
М.Қожаназаров көшесі №42,
байланыс телефон нөмірі: 2-72-21