El іshі

Рухты қалам, табанды талант

Сөз патшасы – «өлеңінің» – өмір туралы сурет пен ой кестелеу мүмкіндігі шексіз. Кешегі Абайлар мен Қасымдардың жолын жалғастырған, болмысы бөлек, табиғаты терең Мұқағали шығармашылығына оқырманның ықыласы қай кезде де ерекше. Ол құдіретті, ғажайып, ақиық, сыршыл ғасыр ақыны. Өз халқын жүрегімен қалтқысыз қалай сүйсе, халқы да оны шексіз сүйді, сүйеді. Мұқағали – лирик ақын. Адам жанының, табиғат жүрегінің жаршысы.

“Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі” атанған ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақындық талантын шәкірт бойына ұялату, ақын өлеңдері арқылы Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында аудандық, ауылдық кітапханаларда ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 91 жасқа толуына орай іс-шаралар өткізіліп, әлеуметтік желідегі «Facebook», «Instagram» парақшаларына жүктелуде.
Атап айтқанда, аудандық орталық кітапханада №13 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін…» атты поэзия кеші, балалар кітапханасында №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияның 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Рухты қалам, табанды талант» тақырыбында мәнерлеп оқу-сағаты өтті. Ал, Сұрым ауылдық модельді кітапханасында №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен “Өлең кернеп барады жүрегімді” атты поэзия кеші, Т.Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында №28 Амангелді атындағы орта мектептің оқушыларымен «Жұлдыз шашқан жырлар» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Аудандық орталық кітапхана

Таңдаулы материалдар

Close