Ádebıet

Өнер байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

Жақында Шымкент қаласында республикалық “Құс жолы” балалар өнер байқауы өтті. Байқауға ауданнан Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейінің оқушылары қатысып, бас жүлдемен оралды.
Республикалық өнер байқауында мектептің 3 сынып оқушылары бақ сынады. Өнер сайысында «Кербез» би тобы «Аққу» биін мың бұрала билеп Бас жүлдемен қоса Өзбекстанның астанасы Ташкент каласында өтетін финалдық кезеңге жолдама ұтып алса, «Айару» би тобы қытай биімен жүлделі І орынды иеленді.
Балаларды би жетекшісі Мейрамкүл Тойшыбекова өнерге баулуда.
Байқауда «Бас жүлдені» иеленген тірек мектеп-лицейдің 3 сынып оқушылары мен І орынды иеленген 4 сынып оқушылары марапатталды. Өнерлі балаларға алдағы халықаралық байқауда сәттілік тілейміз.

Лаура МҰСАБЕКОВА,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close