Ádebıet
Тау тұлға
(Халық жазушысы Шерхан Мұртазаға арнаймын)
Кемел ойлы, көркем сөздің шебері,
Қолтаңбасы – жазушының мінезі.
Тағдырдың ащы дәмін татса да,
Ақылы мен қайратын шыңдаған.
Мақтау болған қалың қазақ арасына,
Жаны ашыған өз жұртының жарасына.
Оқырманды тереңінен тамсандырып,
Шығармасы тебірентіп от жандырған.
Қабырғалы жазушы биікке самғаған,
Қаламдары ақ парақтан таймаған.
Дәуірінің шынайы суретшісі,
Шоқтығы биік,
тау тұлғалы – Шераға!!!
Шығармасын Тұрарға арнаған,
Сол дәуірдің шындығын арқау қылған.
«Қызыл жебе», «Жұлдыз көпір» туындысы,
Ақиқаттың айнасына айналған.
Ғалымның мәңгілікке хаты өшпес,
Жетістікке жету бұл өмірде оңай емес.
Шерхан Ата үлгі болған әрбір жанға
Істеген игі ісіңіз ұмытылмас!
Сандуғаш Көпбосын,
№12 М.Әуезов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы.
Аудандық және облыстық байқаулардың жүлдегері.
Түктібай ауылы