Basty bet
Қоқысты рұқсатсыз өртегені үшін айыппұл салынуы мүмкін.
Жыл сайын көктемнің басталуымен өрт пен өртке шығу санының өсуі байқалады. Әдетте, осы кезеңде қоқысты, құрғақ шөпті және сабанды рұқсатсыз жағу орын алады, бұл өрттің өсуін арттырады. Құрғақ өсімдіктердің жануының себептері сөндірілмеген от, ұқыпсыз тасталған темекі тұқылдары мен сіріңкелер, құрғақ шөптер мен қоқыстарды қасақана жағу болып табылады. Осыған байланысты, табиғатқа шыққанда және үй маңындағы учаскелерді жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет. Қалдықтарды өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 336 және 410-баптарына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің үштен жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қоқысты тек осы үшін арнайы бөлінген орындарда желсіз ауа райында кез келген ғимараттардан, құрылыстардан және сақталған материалдардан кемінде 50 метр қашықтықта алғашқы өрт сөндіру құралдары (өрт сөндіргіштер, су) болған кезде жағуға жол беріледі. Қоқыс жағылатын алаң құрғақ шөптер мен жапырақтардан тазартылуы тиіс. Қоқысты жағу тек күндізгі уақытта, тұрақты бақылаумен жүргізілуі тиіс. Қоқысты өртегеннен кейін отты мұқият сумен толтыру керек. Сөндірілмеген отты қараусыз қалдыруға тыйым салынады. Көптеген азаматтар үшін аулада жиналған қоқысты полигонға шығарғаннан гөрі өртеу оңайырақ. Алайда, қоқысты жағу кезінде абайсыздық пен немқұрайлылық өртке әкеліп, қалпына келтірілмейтін зиян келтіруі мүмкін.
Естеріңізде болсын, өрт өшіргеннен болдырмаған жолдарын жөн!!!
Жуалы ауданы ТЖБ және №7 ӨСБ