Basty bet
Балабақша – қуаныш шаңырағы
Қазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп – ол балабақша. Балабақша жас ұрпақты еңбекке, өнер-білімге, елінің ар-намысын қорғауға және ізгі адамгершілік қасиеттерге баулиды.
Қайрат ауылындағы «Шапағат» бөбекжай-балабақшасы «Балапан» бағдарламасының аясында 2012 жылдың желтоқсан айында ашылды. Бүгінде балабақшада 4 топта 100 бүлдіршін тәрбиеленуде. Балабақшада 31 қызметкер бар, оның 13-і педагог мамандар, 18-і кіші қызметкерлер .
«Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік»- деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнін ізденіспен өткізеді. Балабақша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша оқу-тәрбие жұмыстарын қазақ тілінде жүгізеді.
Балабақшаның көптеген жетістіктері бар. Атап айтар болсақ, 2019 жылы балабақша тәрбиешілері Ләззат Қаражан мен Ұлман Нұрмашова «Сиқырлы әлем» редакциялық балалар журналының «Үздік балабақша тәрбиешісі» төсбелгісімен марапатталды.
2019 жылы облыстық «Ұлттық мұра» фестивалінде «Сахналық көрініс» номинациясы ІІІ дәрежелі дипломмен балабақшаның ән жетекшісі Ғалия Мекемтасқызы мен тәрбиеші Айнұр Рүстембекқызы марапатталды. Сонымен бірге 2019 жылы облыстық «Ханталапай» ұлттық байқауында тәрбиеші Салима Таубасова жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Сондай-ақ балабақшаның тіл маманы Ақнұр Зауырбекова облыстық «Жүрегімді балаларға арнаймын!» тақырыбында өткізілген байқауда ІІІ орынды, 2020 жылы облыстық «Жаңа инновациялық технологиялар жәрмеңкесі» жаңартылған білім мазмұны бойынша ұйымдастырылған байқауда тәрбиеші Гүлшат Байболова ІІІ орынды иеленді.
2021 жылы балабақша әдіскері Гүлжан Аманова мен қазақ тілі маманы Ақнұр Зауырбекова Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында өткен VІІІ республикалық байқауында Алғысхатпен марапатталды.
Сонымен қатар балабақша меңгерушісі Мадина Есімова Қазақстан Республикасы «Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.
Ауданның қоғамдық жұмыстарына да белсенді атсалысып жүрген ұжым Жуалы ауданының 95 жылдығына орай Алғысхатпен, 2023 жылы «Мұғалімдер күніне» орай ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсенбаевтың Алғысхатына ие болды.
Балабақша ұжымы меңгеруші Мадина Рашидқызының ұйытқы болуымен үнемі шығармашылық ізденіс үстінде еңбек етуде. Алға қойған жоспарымыз – бүлдіршіндердің тәрбиелі, өнерлі, білімді, үйлесімді тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.
Ұжымның ауызбіршілігі мен еңбекқорлығының нәтижесінде балабақшада өнерлі және жан-жақты бүлдіршіндер де көп. Атап айтқанда, Ерғали Әлижан, Ерғали Бибімариям, Алик Омар, Өмірбек Исламбек, Талғат Қыдырәлі, Ермұхан Іңкәр, Садуахаз Мадина, Асқар Мөлдір, Манат Олжас, Зиятхан Биханым, Қалымхан Баққали, т.б. Бүлдіршіндерге мықты денсаулық пен жарқын болашақ тілейміз!
Ғалия Ахметова,
“Шапағат” бөбекжай-балабақшасының
музыка жетекшісі