Basty bet

Шомылғанда абай болыңыз!

Көптен күткен ыстық күндер келді. Жазғы маусымның басталуымен барлық су қоймаларында демалушылар саны күрт артады. Жаз – демалу үшін ең қолайлы уақыт. Өзіңізге және қоршаған ортаға пайдалы демалу үшін судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрену керек.
Есіңізде болсын! Қайғылы оқиғалардың негізгі себебі – қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу.
Аудандық азаматтық қорғау саласының қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, су айдындарында балалар өлімінің алдын алу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әр күн сайын профилактикалық және насихаттық жұмыстарды белсенді жүргізуде.
Сондай-ақ, ыстық күндердің басталуына байланысты оқушыларға, мұғалімдерге және ата-аналарға жазғы шомылу маусымында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндірумен қатар демалыс және мереке күндері рейдтер жүргізілді.
Бұл бағытта жазғы шомылу маусымының соңына дейін профилактикалық жұмыстар жалғасатын болады.

Аудандық ТЖБ және
№7 ӨСБ

Таңдаулы материалдар

Close