Basty bet
ТАҒАЙЫНДАУ
Б.Момышұлы ауылы әкімінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 10 маусымдағы №26 өкімімен Жексекеева Бахытгүл Хасенқызы Б.Момышұлы ауылы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
ЖЕКСЕКЕЕВА БАХЫТГҮЛ ХАСЕНҚЫЗЫ
1967 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қарқаралы ауылында туған. Білімі – жоғары, 1992 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тамамдаған.
Алғашқы еңбек жолын 1987-1989 жылдары Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында Пионер үйінде үйірме жетекшісі болып бастаған. 1989-1990 жылдары Қарқаралы ауданында №30 орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 1990 жылы Қарқаралы комсомол комитетінде комсомол комитетінің хатшысы, оқушы жастар бөлімінің меңгерушісі, 1990-1992 жылдары Үштөбе ауданында Үштөбе орта мектебінде пионерлер аға кеңесшісі (вожатый), 1992-1993 жылдары Үштөбе орта мектебінде директордың орынбасары, 1993-1994 жылдары Қарағанды қаласында Ленин ауданы әкімшілігінде Жастар және мәдениет істері бойынша I санатты маман, 1994-1995 жылдары Үштөбе орта мектебінде директордың орынбасары, 1995-1996 жылдары Қарағанды облысы әкімшілігінің жастар, туризм және спорт жөніндегі облыстық комитеті жастар саясаты бөлімінің жетекші маманы, 1996-1998 жылдары аталған бөлімде бас маман, 1998-2014 жылдары Астана қаласында Қазақстан Республикасының ішкі әскерлері қатарында болған. 2014-2021 жылдары Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман-әскери есеп столының инспекторы болып жұмыс атқарған.
2021 жылдан осы күнге дейін Жуалы ауданы әкімінің аппаратында аумақтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы бойынша аудан әкімінің бас инспекторы болып қызмет атқарған.